Құштарлық
Азаматтық
Зиялы
Азаттық
Қамқорлық
Сүйіспеншілік
Тәуелсіздік
Арманшылдық
Намысшылдық
"Ас- адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл- өте құнды мақал. Өткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды.
Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты күнде бір мезгілде ішу керек. Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: "Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады". Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен.
Менің мектебім: Мектептің босағасын аттаған кезден-ақ, мектептің әсемдігіне таң қаласыз. Мирастың әсем саябағына, театрына, спорт залы мен футбол алаңына, кең атриумы мен асханасына қызығарлықтай қарап тамашалаған соң, сізді қарсы алатын ақылды оқушылары мен жоғары санатты мұғалімдері көмек беруге әрдайым дайын. Ал хайуанаттар әлеміне саяхаттағың келсе, мектебімнің жаратылыстану кабинетінің жаңында хайуаннаттар бағы бар. Ол жерде сен әртүрлі өімдіктер мен жәндіктерді, кемірушілерді қарай аласың. Сонымен, мектебім сізді кең құшағымен қарсы алды. Жылы қарсы алу кімге ұнамас десеңші... Басқа мектептерге ұқсамас мектебімнің ерекшелігі өте көп. Солардың ішінде ең біріншісі - халықаралық бағдарлама негізде білім беру жүйесі, екінші - көптілділік ұстанымы, яғни оқушылар өз ана тілдерінен басқа мемлекеттік тіл - қазақ тілін, ұлтаралық тіл - орыс тілін, халықаралық тіл-ағылшын тілін оқып үйренуде. Мектебімнің мұғалімдері өз елімнің азаматтары және өзге елдерден кезген ұстаздар. Менің мектебім - ол менің екінші үйім. Адамдар бір -біріне дос дегендей мектебімнің қабырғасында жүргенде бәрі маған таныс, бәрі маған дос, бәрі маған жақын. Біз бір отбасы сияқтымыз. Сабақтан тыс уақыттарымызды біз әр жаңа ашылуларды зертейміз. Себебі, Мирас мектебі - сапа жағынан және білім жағынан да ең жақсы шеберхана деп айтсам артық болмас.
<span>Мақалды жалғастыр жақсы атта</span>