1.Егер сенін досын көп болса сен ештенкелен қинайлмайсын
2.Сыйлы болу үлкенге құрмет кішіге ізет
3.Жаман жолдасын болганша адал таяғын болсын.Таяқ сені ешқашанда сатып кетпейді
Адам өміріне ауарайдың маңызы зор.Мысалға біз таң ертең күнде далаға шығып қараймыз,күн шығып тұрса күлімдеп көңілді жүреміз, ал егер жаңбыр жауып күн бұлттанса көніл күйміз болмайтындығы рас.Адам өмірінде ауарайы өте маңызды рөль атқарады ол адамның денсаулығына да байланысты болып келеді.
-Асем қызым ертенгі ауарайын көрші?
-Қазір анашым,теледидарды қосайын!
-Анашым ертең күн суық болады екен
-Ендеше жылы киімдеріңді дайындайғой,жаурап қаласын.
Бұрын біз көпқабатты пәтерде тұрдық. Ал, қазір жекеменшік, жер үй салып алдық. Әр бөлмені жаңа жиһаздармен жабдықтадық. Біздің бөлмеде кітап жинайтын сөре бар.Жекеменшік жер үйіміз орталық, даңғыл, кең, жарық көшеге орналасқан. Көшеде аспал шамдар ілінген, орындықтар орнатылған.
1961 жылы Мұхтар Әуезов қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның тұрған үйін мұражай ету туралы Қаулы шығарды (1961 жылы 10 тамызда). 1963 жылы қарашаның 28-інші жұлдызында Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашты.
Екі қабаттан тұратын бұл үйде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын өткізді (1951-1961). 1951 жылдың 18 тамызында әдебиет зерттеушісі З.С.Кедринаға жазған хатында мұнда жанұясымен 1951 жылы маусымның аяғында көшіп келгенін, ал үй құрылысы 1950 жылдың мамыр айында басталғанын хабарлайды. Осы үйде қаламгер әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясына байланысты ұзақ жылдарға созылған қажырлы еңбегіне нүкте қойды.
Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де істеледі. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.