Егер мен депутат болсам ...
Депутаттарды қазақ халқы тегіннен - тегін "халық қалаулысы" деп атамаған. Яғни, депутаттар халық мүддесін ойлап, солардың сөзін сөйлеп, үкімет пен қарапайым халық арасын байланыстыратын көпір секілді.
Мен депутат болсам, ең алдымен денсаулық сақтау мәселесі мен әлеуметтік өмірді қолға алатын едім. Денсаулық сақтауға келер болсақ, ауруханаларда барлық дәрі - дәрмек пен ем - шараны ақысыз етер едім. Денсаулық адам өміріндегі басты байлық болғандықтан, оған аса көңіл бөлер едім.
Ал әлеуметтік өмір саласына келсек, балалар ойнайтын аула алдындағы барша алаңдарды қазіргі заман мен қауіпсіздік ережелеріне сай етіп, жаңартар едім. Себебі қазіргі кезде көп аула алдында балалар ойнайтын алаң не мүлдем жоқ, не болмаса тым ескірген, денсаулыққа да қауіп төндіреді.
Алдымен осы екі бағытты қолға алып, кейін бәрін жасап болған соң, басқа салаларды да қолға алар едім.
Когда у тебя день рождения
Найти словосочетание и написать предложение из этих словосочетании
Мен жақында шаңғы тебемін. Ал әзірге шанамен ойнай тұрамын.
Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.