Қалың орман ішіндегі көлде жүзген үш аққуды көру – сұлу құбылыс. Аққулар суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзіп, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққулардың әрбір қимылы – артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды ебіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс.
Уақыт - адамның өмірі.Адамның əр бір күні , мақсатсыз өтпеуі ұажет.Уақытты үнемдей керек. Уақыт адамға берілген өткінші бағалы зат. Біз əр күнімізді мəнді , мағыналы өткізуге тырысуымыз керек.Əрбір жыл,ай,бір күн,бір сағат, бір минут , бір секунттың өзіндік құны бар . Сол ушін біз уақыт керемет сый екенің түсінымыз керек.
Жаздың үміт үзгені ме-
Келіп қапты күз де міне.
Моншағын жаз қиып- қиып,
Ілді қаздың тізбегіне.
Кеткен жаздың жырлап әнін
Ұшты сыңсып тырналары.
Сері дәурен өтті- кетті
Шешті қайың сырғаларын.
Білсе де жаз ораларын
Сәмбі мүңды одан әрі.
Аспан тынып жылай берді
Тұмшалап бұлт орамалын.
Мен қорқынышты фильм көргім келмейді. Бұл кинотеатр екі залдан тұрады: қызыл зал және көк зал. Оның осы фильмде басты рольде ойнау арманы еді, ол арманы, міне, орындалды. Фантастикалық фильм көру мен үшін қызық. Шытырман оқиғалы фильмдер мені шаршатады.
Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын - күмəнділікті, сенетіндікті, ренішті , сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады.