Аке-аскар тау.Отбасында акенын орны болек.Аке солшанырактын бар ауыртпашылыгын котеретын,асырап-багуга да жаксы талым тарбие беруге де мындетты адам.Аке-бала ушын аскар тау.Аке камкорлыгы дегенымыз-отбасы мушелерын артурлы пале-жаладан коргап отыратын касиетты угым.Сондыктан акены сыилау,оган улкен курметпен,iлтипатпен карау баланын парызы.
Біздін бакта түрлі миуа жаикалып өсіп тұр.Ал миуалардын бүталарында бүлбүл еасем әнин шыркап түр
спорт..бул созди арким аркалай тусунеди.ал мен бул созди денсаулыкпен байланыстырамын.ойткени биздер спортпен айналыссак ауырмаймыз,денимиз сау болады...денимиз сау болу ушин биз кунде таненртен ертемен турып жугуруымыз кажет.егерде биз спортпен йналыспай журе берсек сондай ак темеки шегсек онда биз алсиз боламиз.спорттын кас жауы майлы тамак татти тамак сондай ак ТЕМЕКИ!!
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.
Мүшәйра - ежелден қазақ жыршылық өнерінің қайнар көзі. Халық өз арасынан болашақ би-шешендерін осындай сындар арқылы талантын шыңдап, озық ойлысын марапаттап отырған. Осындай мақсатпен үстіміздегі жылғы қазан айының ортасынан бастау алған көсемсөз сайысы 2011 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Жазушылар Одағының мәжіліс залында мәреге жетті.
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» аттыРеспубликалық жыр-мүшәйраның ақтық сынына көрермен өте көп жиналды. Бұл мүшәйраның басты тақырыбы әрі ерекшелігі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Тәуелсіздік қарлығашы - Желтоқсан көтерілісінің бағасы мен маңызы ашып көрсету болды.
1986 жылғы 16-18 желтоқсандағы қазақ жастарының көтерілісі - қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы сан ғасырлық күрестің ең нәтижелі де салмақтысы болды. Дәл осы күндер, қазақ халқының егемендігін еңсеруде, тәуелсіздігін өз тұғырына қондыру жолында темірқазық болды және өз намысын ешбір жанға ешқашанда таптатпайтынын дәлелдеді. Желтоқсанның ызғары Алматыдан бастау алып, сол кездегі Қазақ КСР-нің облыс, аудан, ауыл жастарының, көрші өзге де мемлекеттер жастарының қолдауына ие болды. Бұл КСРО-ның тоталитарлық режиміне, аз ұлттарды жоюға бағытталған жымысқы саясатына қарсы ең алғашқы ашық қарсылық әрі билікке соққы болғанын айту парыз. Себебі, осы оқиға Бакуде, Вильнюсте, Тбилисиде, Мәскеуде және өзге де ірі қалалардағы толқуларға ұласып, соңында алып тоталитарлық империяның құлауына алып келді. Тарихи мәні мен геосаяси жағынан алғанда «желтоқсандықтар» көтерілісі, 1956 жылғы Будапешт оқиғасы, 1968 жылғы Пражск көктеміне ұқсастығы бар. Сондықтан да бұл көтеріліс тек қазақ жастарының ғана емес, қазақстанды мекен еткен өзге де ұлт өкілдерінің еркіндігіне алып келген ортақ жеңіс. Еркіндік, теңдік, сыйластыққа негізделген бірнеше жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына түрткі болды.
Бүгінде Қазақстан - мықты әлеуетті, ұлттық экономикасы мен өз азаматының әл-ауқаты дамуы үшін мүмкіндігі бар әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі. Жоғарыда айтылған тарих жылнамасы мен оқиғалар желісі мүшәйраға қатысушы үміткерлердің өлеңдеріне арқау болды. Шараның ұйымдастырушылары болып «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тарихи әділеттілік» Республикалық қоғамдық комитеті шықты.
Байқауға 2011 жылдың 20 қазаны мен 20 қарашасы аралығында елімізден және көрші мемелекеттерден 100-дің үстінде шығармалар қабылданды. Қатысатын ақындардың жасына шек қойылмады. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданды.
Мүшәйраның қазылар алқасына елге танымал белгілі мәдениет саласының өкілдері Бақытжан Момышұлы, Темірхан Медетбек, Ибрагим Исаев, Қазыбек Иса, Айдос Сарым және Ғабиден Жәкеев кіріп, жеңімпаздардың есімін жария етті.