Табиғат ескерткіші — ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат объектілері. Халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғауға алынады.Табиғат ескерткіштері қатарына көне заманнан қалған, сирек кездесетін ағаштар мен ағаш топтары, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар, шағын ормандар мен тоғайлар, табиғаты жағынан теңдесі жоқ өзен жағалаулары мен аңғарлары, мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастар, геологиялық шөгінділер, үңгірлер, арасан бұлақтары, сарқырамалар, кейбір көлдер т.б. жатады.
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
<span><span>
</span></span>
Мәнерлеп сырғанау (фигурное катание) — спорт түрі. Мұнда спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды.
Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын әлемдегі ең ежелгі әрі әйгілі клуб 1742 жылыЭдинбург қаласында болған. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелей сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Оның үш түрі олимпиада бағдарламасына енген.
Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс жылдам не баяу, әр түрлі бағытта (айналып, секіріп, тағыда басқа) орындалуы тиіс. Спорттың бұл түріне баланы 7 — 8 жастан баули бастайды. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатты 1896 жылдан бастап өтіп келеді. Әуелі тек қана ерлер арасында жарыс өтсе, он жылдан кейін әйелдер де күш сынаса бастады. 1908 жылы жұптасып сырғанаудан, 1950 жылы мұз үстіндегі бишілер бәсекесі ұйымдастырыла бастады.
Қазақстанда алғашқы жарыстар 1957 жылы өтті. Қазақстандықтар арасында жұптасып сынға түсуден Е.Стекольникова мен Д.Казарлыга 1996 ж. Харбинде өткен III Қысқы Азия ойындарында алтын, ал 1996 жылы Кореяның Кангвон қаласында өткен IV Қысқы Азия ойындарында М.Халтурина мен Е.Крюков күміс жүлдені еншіледі. Қазір мәнерлеп сырғанаушылар үйірмелері Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Өскеменқалаларында жұмыс істейді.
Жазып алыныз................
Ответ:
"Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.