Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.
Елімізде көптеген шешімі табылмаған қоғамдық мәселелер өте көп
Алақай қыс мезгілі басталды! Қыс - өте әдемі және тамаша жыл мезгілі. Қар жауып, жердің бетіне ақ кілем төсейтіндей .Қыста барлығымыз далада бір-бірімізге қар лақтырып, көңіл көтеріп ойнаймыз. Достарымызбен бірге қосылып, аққала жасаймыз.Қыстың айларына – желтоқсан, қантар, ақпан жатады.Қыста өте суық және аязды болады. Үйлердің терезелеріне аяз түрлі ою өрнек салады.Қыс өте ғажайып мезгіл. Мен қысты өте жақсы көремін және асыға күтемін.
Қоршаған əлем тылсым дүниеге толы болып келеді. Қазіргі əлем көптеген үрдерістерге ұшырап, жаңарып жатыр. Жаңа технологиялар ойлап табылып ,адамның өмірін жеңілдететін техникалар ойлап табылуда. Болашақта өз халқыма ,еліме үлкен үлесімді қосқым келеді.
«Ағаш тамырымен,адам досымен мықты»,-деген аталы сөз бар қазақта. Шын мәнісінде де ке-келген адам баласының өмірінде үлкен рөл атқаратын шынайы достық сезімін өз басыңнан өткере білу,оны сыйластықта жалғастыра білу үлкен бақыт.Өмірге деген көз қарасы өзіңменен ұқсас,жан-дүниеңді ұғына білетін жанмен сыйластығыңды жалғастыру үшін адам бойынан шынайылық,адалдық қасиеттері табылуы тиіс. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.