Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: - Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.
Менің туған күнім 21 - ші қыркүйек. Оқу жылы басталысымен мен осы күнді ерекше тағаттана күтемін. Биыл мен 13 жасқа толдым. Бұл жас халқымызда бірінші мүшел жас болып саналады. Яғни, мен балалықтан ер жету жасына ендім. Осы орайда мен үйде дастарқан жайып, дос - құрбыларымды шақырдым. Олар маған ақ тілектерін арнап, сыйлықтарын сыйлады. Біз түрлі ойындар ойнап, уақытты жақсы өткіздік.
Нұрмағамбетов ТынымбайЛитература10.06.1945, Қызылорда обл.Жазушы, киносценарист, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері«Қауын иісі» – ауыл тыныс-тіршілігінің кең полотносын жасаған әңгімелер жинағы. Онда ауыл адамдарының болмысы мен тағдыры дәуір тынысымен диалектикалық байланыста беріледі. Жазушы әңгімелерінде қазақы дүниетаным мен жаңа қоғамдық қатынас арасындағы қайшылықтар, ауыл адамдарының психологиясындағы, іс-әрекетіндегі заманауи өзгерістер жан-жақты, алуан қырынан көрсетіледі. Алғашқы әңгіме-повестерінде кеңестік саясат, кейінгі әңгімелерінде жаһандану әкелген келеңсіздіктердің ұлттық құндылықтарға тигізген зиян-залалы шыншылдықпен көсетіледі. Қаламгер шығармалары нәзік лиризммен бірге жеңіл юмормен, кейде ащы сарказммен көмкеріліп отырады. Сондай-ақ ол ара-тұра әлемдік әдебиеттегі модернистік бағыттарға тән көркемдік тәсілдерді да қолданады.