Ответ:
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады»,- деген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақтың ақыны Мағжан Жұмабаевтың айтқандай:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,- демекші «Болашақ - білімді жастар қолында» атты іс-шараны наурыз айының 27 жұлдызында өткізген «География және экология» кафедрасының профессор-оқытушылары.
Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы жәнеде қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналған. Жасампаз елдің жастары қандай, олар нені армандайды? Жастарды қандай мамандықтар қызықтырады? Мемлекет жастарға қандай жағдай жасады? Жастар мемлекет үшін не істеді? Оларды не ойландырады, не толғандырады? Қандай тың бастамалары мен идеялары бар? Бүгінгі жастардың қолынан не келеді? - деген сұрақтар қойылып пікір алысып, логикалық сұрақтарға жауап беріп отырды.
Объяснение:
можешь сокротить