Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы Гавриловка селосы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды[3]. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 (кейбр деректерде 1921 жылы) Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талды-Қорған селосы деп өзертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 1930 – 1944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәжересі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Алматы облысының орталығы болып саналады[4].
Мысал-шағын көлемді , адамға сабақ боларлық тәрбиелік,тағлымдық мәні бар шығарма.Көбінесе аң, xайуанаттар,жәндіктер туралы жазылады.Сол арқылы адам бойындағы мін,әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырып,сықақпен сыналады.
(1846-1946)
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.
Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас,Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады.
Бұл айтыстарда ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын
жоқтайды.
1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл патшаның соғысқақазақтан қара жұмысқа адам алу жарлығына қарсы шығып, өлең - жырлар шығарады.
Жамбылдың шығармашылық өрлеу дәуірі жасы 70-тен асқан соң, кеңес өкіметі қамқорлығы арқасында ашылады.
Жамбыл есімі Одаққа кең жайылып, Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен қол жеткен жетістік оның жырларына арқау болады.
1936 жылы Жамбыл Москвада өткен қазақ өнерінің онкүндігіне, 1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толу тойына қатысады. КСРО Жоғары кеңесінің президиумы Жамбылдың халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, оны "Еңбек Қызыл ту", "Ленин" орденімен марапаттайды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлеңдері кеңес жауынгерлерін, халқын жауды жеңуге жігерлендірді. Ол ең жоғарғы сыйлық - Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Жамбылдың "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" аталатын дастандарында халық үшін еміренген, еліне қамқор, пана болған халық батырларының ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген.
1.Көшетті отырғызамыз. 2.Жүр, жер қазамыз.3.Жүр,көшетке су құямыз. Осылар дұрыс жазылғандары