Қыс келгенмен, қар жаумады.
Күн жылы болған соң, біз серуенге шықтық.
Оның дауысы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды.
Әнші болуды кім армандамайды дейсің. Бірақ, әнші болу үшін дарын керек. Бұл табиғаттың сыйы. Дегенмен, еңбек түбі зейнет. Еңбектеніп, көп ізденіп, арнайы білім ордаларынан , білікті ұстаздардан білім алсаң әнші болуың мүмкін.
Бұрқ-сарқ қайнады мағынасы келеді, ашулануға жатпайды
Буын жеке дауыстыдан және дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына бапйланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
<span>1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ға, бо-са, т.б. </span>
<span>2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ақ, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т.б. </span>
<span>3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоқ, жент, дат, зор, қол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан, т.б.</span>