Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан шексіз мейірбансың, ақылы тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кітапжан. Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
Сәлеметсіз бе, Ахмед ата. Сіз өмір сүрген қиын уақытта ұлдарыңыздың қаза тапқанын білемін. Олар адамзат үшін, отанымыздың болашағы үшін жандарын аямады. Сіз оларды жақсы тәрбиеледіңіз, ата-ана қандай болса, бала да сондай болады деген бар ғой. Сіздің ұлдарыңыз неміс. Меніңше сіздің жүрегіңіз үлкен. Сізге алғыс айтамыз. Қош болыңыз.
(про қошқардың соңғы күні не поняла)
Узын деген ол узынырак деген магынада
Мен диқаншы болсам
Егістік алқабында диқаншылар егін егеді. Егін егетін адамды - диқаншы деп атаймыз. Диқанның еңбегі - ауыр еңбек. Диқаншылар ерте көктемде жерді жыртып, бидайдың тұқымын себеді. Жаз бойы сепкен бидай тұқымын күтіп - баптайды. Құстардан, құрт - құмырсқалардан қорғап жүреді. Бидай алқабы суғарылмайды. Ол тек жаңбыр суымен өседі. Үлкен еңбек етудің арқасында сары алтындай сары бидай күзде пісіп жетіледі. Диқаншылар бірнеше гектарға созылған үлкен алқапқа дәнді дақыл, бидай, дән өсіреді. Күзде олар көп өнім жинап, өз еңбектерінің пайдасын көреді.Жаңбыр жақсы жауған жылдары молшылық болып, өнім көп болады.
Мен диқаншы болсам егін егіп, егіншілікпен айналасатын едім. Бұл ауыр еңбек болғанымен, бейнетіне қарай зейнеті.
Қайрымды, өзгенің ісіне бей-жай қарамайтын адамдар көп. Көптеген адамдар басқаларға көмектеседі. Біреулер үйсіз адамдарға, біреулер ата-анасы жоқ балаларға, біреулер зейнеткерлерге, енді біреулер ауыр науқасты балаларға. Көп адамдар қаржылай бір ғимараттарды салуға( мектеп, бала-бақша,)Бұндай адамдар көп, бірақ, қаланың өте қайрымды адамдарын атап өткім келеді: Рада Хайрушева, Гульмира Абдухасова.