Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Менің ойымша,
Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Сөзімді қорытындылай келе, шешендік өнер туа біткен қасиет,оны қолдан жасап ала алмайсың.Шешендік өнер кез келген адамның бойынан табыла алмайтын-қасиет.
Тәрбие отбасыдан басталады.Адамға ең 1-ші білім емес,тәрбие берілуі керек.Адам отбасында қандай тәрбие алса,сондай адам болып өмір сүреді.Тәрбиелі адамдар ақкөңіл,әрдайым күліп,отбасына,жақындарына көмектесіп жүретін адамдар.Олар өзінен бұрын,өзгені ойлайды.Тәрбиелі адам қарттардың жасын сыйлап,кішілерге білгенін үйретіп жүреді.Олар қоғамдық көлікте орын жоқ болса өзінен жасы үлкен адамдарға орын беріп,біреу көмек сұраса көмектесетін жандар.
Менің сүйікті ісім сурет салу . Мен сурет салғанды ұнатамын. Әсіресе табиғаттың суретін салуды . Сурет салу арқылы мен өзімнің миымды тынықтырамын. Ұзақ уақыт сурет салып отсам да мен шаршамаймын. Себебі ол менің сүйікті ісім . ал адам өзінің сүйікті ісінен жалықпайды.