Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады. XVIғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2,6 гектар, шахарістаны -23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардаи (М.Е.Массон) бсрі жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастапТүркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999ж.ж. жүргізіліп зерттеулернәтижесінде қаланың цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.Иасы - Күлтөбе қаласы (IV- V ғ.ғ. - ХІVғ. аралығында)Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метрдей жердеорналасқан ортағасырлық  қала орны Иасы – Күлтөбе Түркістан  қаласы тарихының  орта кезінде деп  есептеледі. Ахмет Иасауи кесенесі осы Иасы – Күлтөбе қаласының көне  қорымының үстіне салынғандығы бүгіндеанықталып отыр. Қазіргі күнге дейін - қаланың орталық негізгі бөлігі - цитаделі ғана сақталған, оның көлемі - 150 х 120м., биіктігі - 9м. Қаланы 1981 - 1984 ж.ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Е.Ә.Смағұлов) зерттеп, өмір сүру кезеңін анықтаған Зерттеу нәтижесіндо қала IV - V ғасырлардақалыптасып XIV ғасырға дейін өмір сүргендігі анықталды. XV ғасырлардан бастап Иасы - Күлтөбе жаңадан қалыптасқап Түркістан (Ескі Түркістан) қаласының территориясына енді. Оның Шахарістанының бір бөлігі ретінде XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген.Шауғар - Шойтөбе қаласы(I мыңжылдықтың І-ші жартысы - ХШ - XIV ғ.ғ.)Түркістан қаласынан-оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық үлкен қаланың орны. Шауғар - Шойтөбе Түркістан қаласы тарихының алғашқы (бірінші) кезеңі деп есептеледі. Қаланың орталық бөлігі итаделінің көлемі 200 х 180м, биіктігі -12м, шахарістаны - 360 х 300м, биіктігі Зм, оны қоршай қала рабады орналасқан - көлемі 25 гектардан асады. Қалапы 1989-1992ж.ж. және 1996-1999 ж.ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Л.Б.Ерзакович, Е.Ә.Смағұлов) зерттеген. Зерттеу жұмыстары толық аяқталғпн жоқ, әзірге қолда бар заттай тарихи деректер қаланың қалыптасу кезеңі І-ші мыңжылдыктың бірінші жартысы екендігін ғана көрсетеді, келесі - 2000 жылғы зерттеу жұмыстары қала өмірінің бастапқы кезеңін дәлірек анықтайлы деп күтілуде. Қаланы, ХІІІғ. басында Хорезм шахы Мұхаммед ибн-Текени жау қолына түспесін деп қиратқан деген ғылыми болжам бар. Қала халқы дәл қасында орналасқан Иасы шахаріне қоныс аударған, алайда, тұрғындардың бір бөлігі қирай Шауғардың, оңтүстік - шығысы мен солтүстік-шығыс беттерінен жаңадан екі қоныс салғандығын 1996-1999 ж.ж. археологиялық зерттеулер анықтап берді.Бұл қоныстар XIV ғасырдың аяғына дейін ғана өмір сүрген.
0
0