Аш
..............................
Отан, туған жер, ел туралы
Ел мен жер егіз.
Елге бай құт емес, би құт.
Жұрт дегенде жұмылып,
Ел дегенде егіліп.
Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы Майқы би.
Е, құдайым, би қыл,
Би қылмасаң, би түсетін үй қыл.
Елшіге өлім жоқ.
Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.
Елшінің қылышы – тіл.
Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
Аталар сөзі –
Ақылдың көзі
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
Адам елінде көгерер,
қоға көлінде көгерер.
Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
1. Әркімнің ата-анасы өз баласын <u>тәрбиелейді.</u>
2. Мені менің ата-анам <u>тәрбиелейді.</u>
3. Мирастың әкесі оған ақыл үйретіп оны <u>тәрбиелейді.</u>
Ер есімі ел есінде деп бекер айтпаған . Отан үшін отқа түс күймейсің 9-Мамыр Жеңіс күнінде халық парадқа шығып ардагер аталарымызды құттықтаймыз . 7-Мамыр Отан қорғаушылар күнінде ұландарға сыйлық береміз . Ата - апаларымызға гүл береміз . Парадта армиядағы ұландар тобы ерліктерін көрсетеді .