Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мен қатар орыс тілінде іс-қағаздар жүргізуге болады. Біздің сынып оқушылары қазақ тілінде аздап сөйлей алады. Мен қазақ тілі үйірмесіне қатысамын. Менің інім балабақшада қазақ тілін үйреніп жүр. Ол қазақ тілінде тақпақ жаттады. Жаңа жылға арналған тақпақты да қазақ тілінде жаттаймын,-дейді.
Өзіңнен кішіге көмектес. Ол өте елгезек бала, әрдайым әлсіздерге көмектесіп жүреді. Мен әкеме отын жаруға көмектестім. Мұғалім бүгінгі еспті шығаруға көмектесті. Ата-анаға көмектесу баланың парызы.
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Ауладағы бау-бақшада,
Алма ағашын баптадым.
Майдандағы ағама,
Сегіз алма сақтадым.
Алма ағаштан үзіліп,
Сегіз алмам сарғайды.
Сарғайған алмаларға,
Әлдекімдер арбайды.
Сарғыш тартқан алмамды,
Ақ кеседе сақтадым.
Жан ағамды ойлаумен,
Жанға тыным таппадым.
Атау септік жолбарыстар
Ілік септік жолбарыстардың
Барыс септік жолбарыстарға
Табыс септік жолбарыстарды
Жатыс септік жолбарыстарда
Шығыс септік жолбарыстардан
Көмектес септік жолбарыстармен