Қонақжайлылық-адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отыргызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады. Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі. Егер келген қонақ асығыс болса, онда әйелі ауыз тию жосынын жасайды. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде катаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді. Қазақтар арасында келген қонақты үйге кіргізбей сырттан қайтару ұят болып есептелініп, ата-анасына сын болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығында отбасында алған тәрбиенің кез келген уақытта көрініс табатындығын меңзейді. Сондай- ақ, әйел адам қонақ келген кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі, қонақ отырғанда баласына ұрыспайды немесе дауысын көтеріп сойлемейді. «Қонағын сүймеген, баласын ұрады, не үйін сыпырады» деген мақал осыған қатысты айтылған.
Ответ:
Геолог, геология және минералогия ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Машанов Ақжан Жақсыбекұлы (1906-1997) - геолог, геология және минералогия ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері. Қарағанды облысының тумасы. А.Машановтың терең зерттеулерінің нәтижелері шетелде кеңінен танымал болды. Геология, математика, геометрия, механика және тау-кен саласындағы терең білім оған тау-кен геомеханикасында жаңа ғылыми бағытты ашуға мүмкіндік берді. Қазақстандық геомеханика мектебінің негізін қалаушы. Ақбастау-Құсмұрын, Лениногорск, Зыряновск, Торғай, Жезқазған және Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. А.Машанов - қазақ ғылыми фантастикасының негізін қалаушысы, «Жер астына саяхат», «Жердің құпиясы» романдарының, тау-кен, геология және металлургия туралы қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктердің авторы.
Ответ:Отан отбасынан басталады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
Объяснение: