Бухгалтерия (нем. Вuсh – кітап жәненем. halten – ұстау) — заңды тұлғалардың күнделікті есеп-қисабын (оның ішінде жалақы есептеу де) жүргізетін арнайы құрылымдық бөлімі. Бухгалтерияны бас бухгалтер, ал штаттық кестеде мұндай лауазым қаралмаса аға бухгалтер басқарады. Бухгалтерия есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргізуге, мерзімдік баланс әзірлеуге, барлық операциялардың заңдылығын, нысаналылығын, шаруашылық мақсатына сай болуын, сметалық және қаржылық тәртіптің сақталуын қадағалауға; белгіленген ережелер мен құжаттама нысандарын сақтай отырып, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды есепке алу кітаптары мен тізімдемелерін жүргізу, бухгалтерлікшоттарға тиісті мәліметтерді түсіру жолымен қаржы және материалдық ресурстардың қозғалысын дер кезінде тіркеп отыруға міндетті.
Тоқылдақ орман емшісі
Тоқылдақ – орман құсы.Ол әр-түрлі жәндіктермен қоректенеді.Әсіресе,ағаштағы құрттармен қоректенеді. Тоқылдақты «орман емшісі» деп бекер айтпаған.Себебі тоқылдақ орманды құрттардан,ұсақ жәндіктерден тазартады. Олардың тұмсықтары ұзын,әрі қатты болып келеді.
Тұмсығында бойлай созылған қырлар мен қатпарлар болады, тілі - ұзын және нығыз, тұмсықтың ұзындығындай алға созылып шығуға бейім, тілінің ұшы үшкір, арнайы сөл шығатындықтан, жабысқақ болып келеді. Тоқылдақтар осы тұмсықтың жәрдемімен қабық тесігі мен жарығына және сүрегіне тереңірек бойлап, бунақденелілерді және олардың дернәсілдерін жапсырып немесе шаншып алады. Жабын қауырсындары - қатқыл, көбінесе ашық түсті. Құйрығы - ұзын, конус пішінді қатқыл. Құс құйрығын таяныш етіп, қысқа және өте имек, өткір тырнақтарымен тік бетке жабысады. Аяқтары - қысқа және күшті екі саусағы - алға, екі саусағы - артқа бағытталған 4 саусағы болады. Орман құсы, отырықшы өмір сүреді, кейде шағын қашықтыққа қоныс аударады. Топ та үйір де түзбейді. Күзде және қыста тұқымдар мен жемістерді жейді.
Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды жәндіктерді қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде жәндіктермен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қатты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді.
Біздің көрші тауық, үйрек асырайды. Үйрек балапандары есік алдындағы көлшіктен арғы жағаға жүзіп өтеді. Әрине, тауық балапандары олардай жүзе алмайды, үйрек балапандары бірінші болып келеді.
Маса зиянкес жәндік және мерекенің берекесін шығарады