<span>Ол - биіктігі 97 метр болатын тік тұрған ағаш сияқты монумент. Ал ол ағаштың басында салмағы үш жүз тонналық күн сәулесімен жарқыраған дөңгелек шар орналасқан. "Бәйтеректің" тамаша дәстүрі бар; келушілер Елбасымыздың алақанының ізіне қолдарын қойып, тілегін айта алады. "Бәйтеректі" қоршаған алаңға гүл шоқтарынаң "кілем" төселген.</span>
Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-жидек піседі”. Жай сөйлемдер <em>қос сыңарлы</em> болып та, <em>жеке сыңарлы</em> болып та келе береді. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: “Студент оқып жүр”. “Марат — студент”. Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы — сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді. Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: “Біздің ауыл”. “Қала көшесі”. “Таң атып келеді”. “Күн батып бара жатыр”. Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек.
Ер-тоқым- салт атқа мініп жүруге лайықталған жабдықтардың бір түрі. Адамның атқа мініп-түсуі мен атқа ер салу мұқтаждығы қашан басталғаны белгісіз. Қазақстан жеріндегі жартастар бетінде ер-тоқымды ат суреті кезігеді. Соның ішінде, тура сызықты суреттер, бедер сызықты суреттер бар. Бұл ертедегі адамдардың да ер-тоқымды пайдаланғанынан дерек береді. Ер-тоқымды көне заман көшпелілерінің дамытқан өнер туындысының бірі деуге болады. Өйткені көшпелі тұрмыс, жорық, шабуыл- ат үстіндегі қимылдың барлығы ер-тоқым, тұрман-жабдықтарын тамаша толықтырған. Бұл жабдықтар екі жаққа да (атқа да, адамға да) қолайлылық тудыру мақсатында жасалған. Әсіресе, атқа жайлы болу жағы басты шарт болған. Қазақ халқы осы тұрғыдан, « Алтында ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ»,- деп, тұжырады. Соңғы кездегі қалыптасқан атаулар- қалмақ ер, қырғыз ер, қазақ ер, орыс ер. Ал, біздің айтайық деп отырғанымыз-қазақ ері. Қазақ ері негізгі қаңқасының жасалуы жағынан-ойма ер, құранды ер, ақбас ер, ашамац болып бөлінеді. Жабдықталуы жағынан қыз-келіншек ері, еркек ері деп жіктеледі.
1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында табылған Алтын адамның киімінде табылған секілді.Бұл сақ мұрагерінің киімінде табылды.
Менiн елiм
Сенын елiн
Онын елi
Бiздiн ел