Табиғат туралы жұмбақтар
Қосты: Kz_ref_MaraТүсініктеме саны: 51
6012345
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Шым - шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)
Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн)
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала. (Түн)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім кедіп иаң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)
Өмір - мендегі ең үлкен байлық!
"Өмір- мендегі ең үлкен байлық!" Осындай атаумен облыстық писхикалық денсаулық орталығында Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған шара өтті. Медицина қызметкерлері студенттермен бірлесіп флешмоб биледі, ескі қабырғаларды ашық түстерге бояды. Сондай-ақ психологтар, дәрігерлер денсаулықты сақтау, психикалық бұзылуларды қысқарту мақсатында тегін кеңес берді.Сонымен қатар, №7 емханада психиаторлар мен наркологтар жұмыс істейтін пилоттық бөлме ашылды.
Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.<span>Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!</span>