Бізде жақсы адамдар көп.Ол атақты адамдар қазіргі кезде жоқ болса да біз ол кісілердің өлең-шығармаларын айтып ойымызға аламыз.Мысалы:Абай Құнанбаев атамыз ол кісі көп өлең-шумақтар,қара сөздер,өсиеттер қалдырған міне осы кісілердің аты ешқашан өлмейді.Ғалымның қалдырған зерттеулері жазған хатты өлмейді.Мысалы: Шоқан Уәлиханов орыс ғалымы болып қытайды зерттеп орыстарға берген.Ол кісі саяхаттарының барлығында қағазға жазып тастың астына қалдырып отырған.Қазіргі кезде біз осы мәліметтер арқылы сабақ оқимыз.Осы ғалымның хаты өшпейді деген өсиет.
Елімізде табиғаты керемет жерлер өте көп. Мен достарыммен жас саяхатшылар үйірмесіне қатысамын. Демалыс күні үйірмедегі достарыммен тауға саяхатқа шықтық. Біз саяхатта керек болатын құралдарымызды жол дорбамызға салып алдық. Дорбада азығымыз, қауіпсіздік құралдары бар. Тауда түрлі кедергілер болғандықтан аса сақтықпен жүрдік. Осы саяхатымыз бізге ерекше сезім әкелді. Табиғаттың сұлулығы, таудағы таза ауа, кедергілерден өту-осының бәрі осы саяхатта болды Біз достарымызбен бірігіп аса ұйымшылдығымызбен саяхатымызды аяқтадық.
1)Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
2)Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады.[1]
3)Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у
4) Тұйық етістік емлесі Өңдеу
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, қайт-у, көр-у, кел-у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у, сана-у.
2. Дауысты -ы, -і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, і ды-быстары жазылмай -у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы + у — оку, та-сы + у — тасу, кемі + у — кему, ері + у — еру. 3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ, к, дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысалы: ақ + у — ағу, кеп + у — кебу, тап +у — табу, үк + у — үгу т. б.
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.