<span>
<span>Туған жер – киелі орын. Біз Қазақстан елінің ұрпағымыз. Осында туып, осында өсіп білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де ерекше түсініп, ерекше мән береміз. Сондықтан, біздің туған елге деген, Отанға деген, кіндік кескен жерімізге деген сүйіспеншілігіміз зор.
</span>Бала кезімізде
қыр гүлін теріп, кең жерде домалап асыр салып ойынға берілетінбіз.Туған жердің
әр жері ыстық болады екен.Әрбір басып жүрген жерің, таза ауасы, жеміс-
жидектері, бәрі ыстық екен.Жол бойындағы ағашта өсіп тұрған қарақатты теріп бір
мәз болатынбыз.Бір күні көрші балалармен ойнап жүріп, жол жиегіндегі қарақат
теріп жейік деп шештік.Сол қуаныш сәт әлі есімде, балалармен бірге шаттанып,
балалық шақтың құшағына еніп, жол бойымен жүре беріппіз.Енді жан-жағымызға
қарасақ, көрші ауылға таяп қалыппыз.Кеш мезгілі де таяп қалған екен.Ойынның
құшағына енгеміз сонша, қанша уақыт өткенін де, аңғармаппыз.Содан арамыздағы
нағашымның қызы бұл ауылда туыстары тұратынын айтты.Қарнымызды ашқан сияқты,
сол үйге барып шөлімізді қандырайық деп бардық.Бұл ауылдың да, адамдары
мейірімді, қонақжай екен.Он шақты баланы, үйіне кіргізіп, кішкентай болсақта,
қонақ қылып, шайын, бар тәттісін алдымызға қойды.Тәтті көрсе бала алданады
дегендей, бәрін де ұмыттық.Шөлімізді қандырып, тәттіге тойып отырғанымызда, сол
үйге әке, шешеміз кіріп келді.Сол кезде ғана кеш қарайғанын, ата-ана уайыдап,
алаңдайтынын ойладық.Оған дейін таза, пәк, бала бойында еш қауіп қатер болмайды
екен.Әкеміздің ашулы даусын естіп, орнымыздан атып тұрып, далаға қарай
жүгірдік.Ана шіркін, біздің аман- саулығымызды көріп, бар ыза, ашуын ұмытып
кетті.Біз үшін қалай уайымдағандарын сезіндім.Енді ешқашан алысқа ұзап
шықпаспын деп ойладым.Туған жердің қызығы мол шақтары өте көп.Әр басқан жер,
өзінің таза ауасымен, өзінің жұпар иісімен баурап алатын.Туған жердің жері де,
елі де ерекше болады екен.
</span><span>
</span><span>
</span>
Тұмарымды ал сана,
Біздің елге бар сана,
Оқи оқи шаршадым,
Сендеде жоқ ол сана.
Ұшалмайсың құс сияқты
Ей бала.
Ойлан бала !
Секірмеші парашутпен жол сала.
Жолбарыс — өте күшті жыртқыш аң. Ол 9-10метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды, сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 120 км жүгіре алады.
Ертеде Қазақстанның Іле, Балқаш, Сырдария,Зайсан сияқты өзен, көлдерінің қамысты жағасында жолбарыс көп болған.
Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2 – 3 күшік туады, оларды 5 – 6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40 – 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Мысалы, 2000 ж. жолбарыстардың жалпы саны 7 мың болды. Қазіргі уақытта жабайы ортада (13 мемлекетте) мекендейтін жолбарыстардың саны 3200 шамасында ғана қалды. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған. 12 - 13-ғасырларда Тоқтамыс хансоқтырған тиында жолбарыс бейнесі салынған.
-Салем
-Сəлеметсіз бе!
-Жағдайыңыз қалай?
-Шүкір аманшылық.
-Денсаулық қалай?
-Жақсы.
-Көңіл күйің қалай?
-Тамаша.
-Қандай жаңалық бар?
-Барлығы орынша.
-Сізді көргеніме өте қуаныштымын.
-Көріскенше!Сау бол!
-Сау-саламат болсын!