Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген.Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған. Өйткені, тәрбиелі адам - тағалы атпен тең деген. Ата- анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде " Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы қалыптасқан.Жастар біздің қоғамның негізгі тірегі. " Болашағыңды білгің келсе, бүгініңе қара" демекші, әр қоғам елдің болашағына алаңдайды.Сол сияқты, біздің қоғамда орын алып жатқан келеңсіз мәселелер бар. Соның бірін қозғасақ, жастардың қоғамдық көліктердегі әрекеті. Аяқ - қолы балғадай жастардың қоғамдық көліктерде құлақтарыңа құлаққап тағып алып, көрсе де көрмегенсіп отыра беретіндерін көзіміз көріп жүр. Керісінше жасы үлкен адамға орын беріп, "рақмет, көп жаса" деген бір ауыз жылы лебізің естігенге не жетсін? Өйткені «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіннен қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл» дейді. Бауыржан Момышұлы атамыз " Қарт адам - ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты " деген қарияларымызға сый- құрметімізді аямайық, әр сөзінен ғибрат ала білейік. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» екенін есімізден шығармаған жөн болар.
Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі. А-ның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі А. бастауы мифтерге жатыр. Адамзаттың балаң кезңіндегі дүниені аспан — жер, жарық — қараңғы, су — от т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шеңдестірудің алғашқы белгілері
Уш козди батыр жолды андып жатыр .(багдаршам)
1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.