Бұл бір сөз адамды қуантандырып, жігер бере алады. Қиналғанда жанына жебеу бола алады . Және де бір сөз адамның сүйегінен өтіп,қайғыға тап қылады дегенді білдіреді.
Иа мен байтеректын басына шыктым
Мақсат ата-анасымен қалада тұрады. Ол әр жаз бойы ауылдағы атасына қонаққа барады. Ол атасының ауылына барганда, атасы екеуі әрқашан ойнап жүреді. Мақсат атасына даладағы жұмыспен көмектеседі. Және сол ауылдың балаларымен футбол ойнап жүреді. Солай оның жазғы каникулы өтеді.
Аспан бұлттанып, күн бұзылды. таңертең ғана күлімдеген күн сәулелерін жиып алып, бұлт артына жасырынды. Жел соғып, күн салқындады. Артынша жаңбыр жауды. Күн жарқырап тұрғанда жауар ақ жауын бар. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Ал аспан қабағы түйіліп, айналаны түнек басып, салқын тамшылар тырсылдап жерге тамғанда жан-жүрегің мұздап, көңіліңнің де аспанын бұлт басқандай болады.
Бүгін де жаңбыр жауып тұр. Терезені жуған тамшыларды терезенің арғы жағынан бақылаймын. Ана бір үйдің есігінің алдында үсті-басы су болған мысық отыр. Дір-дір етеді суықтан. Сондай аянышты көрініс. Жып-жылы үйде отырсам да, су астында қалған мысықтай күй кештім. Үстіме күртешемді іле сала сыртқы атып шықтым. Бүрісіп отырған кішкене ғана мысықты қоым алып, құшағыма бастым. Ол да, мен де жылынғандай болдық. Күннің суығы мен бетімді жуып жатқан сұп-суық жаңбыр тамшыларын да елемедім. Мысықты құшақтаған күйде жып-жылы үйдің есігінен ене бердім. Үйімнің жылуынан көңілімдегі жылылық әлдеқайда бөлек еді.
Алматы қаласында өте көп алма өседі. Алма - шар тəрізді, қызыл , жасыл , сары түсті болады. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді.