Білім ізден, білгеніңмен тоқтап қалма. Суретші болу арманым. Ол өнерпаз жігіт. Менің атам орманшы. Біздің сыныпта биші қыздар көп.
Баланы бала кезінен заттарды ұқыпты ұстап, күтуге үйрету қажет, сонда ол есейгенде ысырапқа, шығынға, яғни ақшаны босқа шашуға жол бермейді.
Өтірік айту, ұрлық жасау жаман әдет, адам өміріне кесірін тигізеді, басқаға зияны тиеді, жалпы жамандық әкеледі.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр халқымыздың ежелден келе жатқан жәдігері.
Әдеп пен сыпайылық адамгершілік белгісі.
Менің жанұям
Сенің жанұян
Сіздің жанұяныз
Оның жанұясы
Біздің жанұямыз
Сендердің жанұяларын
Сіздердің жанұяларыныз
Олардың жанұялары
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай, шырша, терек т.б. ағаш түрлерін ексе екен, -деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.