Дос-сенің жанашырың,қандай қиындық болса саған көмектесетін ол дос.Дос амал дос және адал дос болады.Амал дос сені қиындық кезінде тастап кетеді,көмектеспейді. Ал адал дос керісінше көмектеседі,қиындықта жаныңнан табылады
Ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет<span>Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.«Су ішкен құдығыңа түкірме»«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады</span>
Бүгін жексенбі.Мен əдеттегідей таңғы жаттығуымды жасап келдім.Анам таңғы ас дайындап қойыпты.Бəріміз отырып таңғы ас іштік.Ата-анам бəріміз отырып,бүгінгі күнге жоспар құрдық.Ең бірінші үйдегі шаруаларды бітірдік.Сосын əкем ,анам және мен қыдыруға сыртқа шықтық.Біз үшеуміз қаланың көптеген жерлерін араладық.Көптеген қызықтар болды.Қаланы аралап жүріп қалай кеш болғанын білмей де қалыппыз. Сондықтан біз сырттан тамақтануды ұйғардық.Тамақтанып шыққан соң ,біз киноға бардық.Ол аяқталған соң ,үйге қарай бет алдық.Менің бір күндік демалысым осылай аяқталды.Бұл мен үшін өте қызықты болды
Еңбектің наны тәті,жалқаудың жаны тәтті.
Бақыт кілті-еңбекте.
Адамды еңбек көркейтеді.