-Сәлеметсіз бе!
-Сәлем!
-Апай, сізде маған мынау көйлегінді көрсетіп беріңізші!
-Саған қандай размер керек?
-29
-Маған оның түсігі ұнайды!
-Иә, ол саған жарасып тұр!
-Рақмет!
-Оның бағасы қанша?
-500 теңге
-Кассаға төлеңіз!
-Рақмет, Сау болыңыз!
Что делается чтоб их взяли в руки?
Ат жарыс - көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламанбәйгемен бірге тай, құнан, жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған.
Ұлы суреткер Әбілхан Қастеевтың қолды болған тағы бірнеше туындысы қайтарылды. «Қайырбекованың портреті», «Социалистік еңбек ерінің үйінде», «Ескі қыстау», «Сарай» атты төрт туындыны қаладағы жеке коллекционерлердің бірі белгісіз біреулерден сатып алып, 150 мың долларға саудаға шығарған. Осылайша, әйгілі қылқалам шеберінің былтыр қолды болған 20 туындысының алтауы табылды. Орталық мемлекеттік мұрағаттан Қастеевтің 20 туындысының түпнұсқасы жоғалып кеткені былтыр анықталған болатын. Қаржы полициясының дерегі бойынша, суреткердің туындылары мұрағаттан 2008 жылы ұрлана бастаған. Қылмыскерлер түпнұсқа туындыларды көшірмемен алмастырып қойған. Былтыр күзде табылған Әбілхан Қастеевтің екі еңбегі мемлекеттік мұрағатқа қайтарылған болатын. Жақында табылған төрт туындыға жүргізілген сараптама барысында олардың шын мәнісінде түпнұсқа екендігі анықталды. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған бұл картиналар да мұрағатқа сақтауға беріледі. Аса құнды қылқалам туындыларының жоғалуына байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.<span>Жақсылық ЖАҚЫБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСҚА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Әбілхан Қастеевтің қызы өзінің әкесінің 110 жылдығына арналған мерейтой өткізу мақсатында оның картиналарынан шағын бейнекино түсірмекші болған. Яғни соны түсіру барысында өзінің әкесінің суреттерінің түпнұсқа емес екендігін анықтаған. Яғни бұлардың орындарын ауыстырып, түпнұсқаларын сатып жіберіп, басқаларын қойған. Сондықтан бұны байқаған азамат бізге шағымданып, аталған мекеме қызметкерлеріне өз жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. </span>