Ата - ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ата - ана көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, боранмен алысып жүрген эвенк пен кепесінде отырған үндіс те қайталап айтады. Байлығы шалдыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі.
Даңққа бөленген әртіс әр уақытта ата-анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші олардың бейнесін суретте мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды. Ата-ана барлық адамның және бүкіл дүниенің символы.
Ата-ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын, мейлі ол алжыған шал немесе жас болсын, король немесе қайыршы бодсын - бәрібір сүйеді, ата-ана үшін - бұл менің ұлым-қызым деген қарапайым да жоғары, қастерлі бір-ақ ұғым.
Ата-ана балаларын өсірді, оған өмір берді, өз өмірін де соған арнаған. Оар баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады - бәрін де, барлық істе де олар сонымен бірге. Ата-ана махаббаты қандай ғажап еді! Ол көбімізді жігерлендіреді.
Сәлем
Сәлем
Қалың жағдай?
Жақсы өзінше?
Жақсы
Сен жолдың ережесін білесіңба?
Иә, білем. Ал сен ше?
Мен де білемін
Біз бүгін жолдың ережесін тақырып өттік
Бізде
Мақыл сау бол
Сау бол
Адам мен табиғат егіз. Қай заманда болмасын адам табиғатпен тығыз байланысты болған. Мәселен, дем алып отырған ауамыздың өзін тал-терек, жасыл желектен алатынымызға көп көңіл бөле бермейміз. Ал басты байлығымыз саналатын орман-тоғайды көздің қарашығындай қорғауды әсте ұмытпағанымыз абзал. Ұлан-байтақ даламыздың 4 пайызын ғана орман алқабы алып жатыр. Осыған қарап-ақ қоры шектеулі табиғатты тұмса күйінде келер ұрпаққа жеткізу міндеті қаншалықты маңызды екенін байқайсыз. Осының 60 пайызы шөл даланың иесі мен еркесі сексеуіл ормандарының үлесінде. Десек те, бағаламасақ, жойылуға шақ қалған құнды өсімдіктерден көз жазып қалуымыз мүмкін.Үштөбе орман шаруашылығы екіге бөлінеді. Атап айтсақ, оның бірі Қаратал орман шаруашылығы болса (тоғайлы орман), екіншісі мойынқұм орман шаруашылығы (сексеуілді орман). Ал, сексеуілді орман 81826 гектар алқапты алып жатыр. Қаратал өңірінде төрт аяқты жануаралар: қасқыр, түлкі, борсық, елік, сілеусін, қоян, қарсақ, су тышқаны мекендейді. Сонымен бірге қырғауыл, шіл, бөдене, буылдырық, үйрек, қаз, көкқұтан сияқты құстар орманның көркі мен байлығы болып отыр. Қыстың қатты болуы аң-құстарға оңай соқпайды. Бір жағынан рұқсатсыз аң аулаушылар қыспаққа алса, екінші жағынан қасқыр мен түлкіге жем болады.<span>Біз, орман күтушілері орман-тоғайды күтіп, баптауда айтарлықтай іс атқарамыз. Атап айтқанда, бақылайтын сексеуілді орманның өзіндік ерекшелігін ескеріп, күз мезгілінде сексеуіл қорын молайту үшін көшеттер отырғызып, күтімге аламыз. Бұл азынаған қатты жел мен құмның көшуінен сақтайды. Демек, сексеуілді орманның атқаратын өзіндік рөлі ерекше. Яғни, сексеуіл қорын көбейту арқылы біз қоршаған ортаны зор қауіптен сақтаймыз. Бұл біздердің абыройлы міндетіміз болып қала береді.</span>