Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Біреулер қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады . Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.
Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың — шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады.
Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.
Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.
<span>Тұйық, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.</span><span>Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да түйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қырнайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктіқ септелу үлгісі. А. бару, сөйлеу, айтуы, көрулері, келуім I. барудың, сөйлеудің, айтуының, керулерінің, келуімнің Б. баруға, сөйлеуге, айтуына, көрулеріне, келуіме Т. баруды, сөйлеуді, айтуын, көрулерін, келуімді Ж.баруда, сөйлеуде, айтуында, көрулерінде, келуімде Ш.барудан, сөйлеуден, айтуынан, көрулерінен, келуімнен К. барумен, сөйлеумен, айтуымен, көрулерімен, келуіммен Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі. Жақ I. келуім, келуіміз, келулеріміз II. келуің, келулерің келуіңіз, келулеріңіз III. келуі, келулері</span>
Төл сөз: - Армысыз апа! Арман үйде ма? - деді досына келген Алмас.
Төлеу сөз: Алмас досына келіп апасына амандасып, Арманның үйіндема екенін сұрады.
Абай қазақтарды өздері ешқандай жетістікке жетпеседе және жетістікке жету қолдарынан келмесе де өзбек ,орыс ,ноғайларға күле қарап,қорлайтынына сын көзбен қарайды.Себебі әр ұлттың өзіндік артықшылығы мен жақсы ерекшеліктері бар,ал қазақтарда қаскөйлік пен қорлау ғана.Сондықтан оларды сынаудың орнына олардан үлгі алуды ұсынады.