Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5\% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43\% - ын, ал оттегінің 50\% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]
Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Ағызынды суларды тазарту сызбасы.
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Семіздің аяғы – сегіз. Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық. Он екі айда он үш той. Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді. Алты бала таппай ана аталмайды,Бес бала таппай белгілі әйел болмайды. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер. Жігітке жеті өнер де аз. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Қарғыс жеті атаға жетеді.
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Кедейдің жеті қаңтары бар. Жетім бала жеті күлшеге тоймас
Жетімге жеті бидай да тамақ, Жетімнің қарны жетеу Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас. Айла алтау, ақыл жетеу. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас, Тойған үйге тоғыз бар, Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды, Тоғыз қатынның толғағы бір келді, Тоғыз ат бір қазыққа байланбас
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді. Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық. Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар. Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды. Мыңның жүзін білгенше,Бірдің атын біл. Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық. Бір жылға қоян терісі де шыдайды. Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.Мың қайғы бір борышты өтемейді. Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. Жүз дімкеске бір лепес.
Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.
Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.
Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.
Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың.
Шындық – сегіз, бақыт егіз,
Ер- егіз, еңбек- жалғыз,
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
Қорқаққа қос көрінер,
Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,
Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .
1 Қазақстан қорықтары және қызыл кітап «Қорық» сөзі өте көне
ол сонау Киев Русінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған
жерлерді белгілеу үшін қолданылған. « Қызыл кітап » термині жақында, бар жоғы
30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында
ол Планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен
даңқа ие болды. Бұл тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар
мемлекеттер биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қол қойғаннан кейін (Рио
– де – Жанейро , 1992) екі – үш жылда өсуіне байланысты күшейе түсті. Бұл
мақалаларда осы ұғымдардың бірбіріне пара пар еместігі жайында сәл – пәл болса
да ойлар жиіжиі көріне бастады. Қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті.
Бірақ бұл терминдер мазмұны жағынан әртүрлі. Өйткені, олар биологиялық
әртүрлілікті сақтауды екі – территориялық және таксономиялық ( түрлік, түршелік
және т.б) – тұрғыдан қарастырады.