Жазда ауа райы жылы немесе ыстық болады. Дала жап-жасыл кілемдей болады. Ағаштарда жеміс-өседі. Адамдар жазда жұқа және қысқа киім киеді.
Күзде ауа райы салқындау болады. Дала сап-сары болады. Ағаштардағы жапырақтары сарғайып түседі. Адамдар күзде қалындау киім киеді
Мен жақсы скретч емес және менімен ойнағанды ұнатады ындағы жағдай мысық бар. Мен күн сайын оның азық-түлік және балық қоректенеді. Менің мысық Ақ түсті қоңыр көзді. мысық түнде менімен ұйықтай ұнатады
"Ас- адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл- өте құнды мақал. Өткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды.
Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты күнде бір мезгілде ішу керек. Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: "Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады". Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен.
--Сенің мектебіңде кітапхана бар ма?
---Иә, менің мектебімде кітапхана бар.
--Кітапхана нешінші қабатта орналасқан ?
--Кітапхана екінші қабатта орналасқан.
---Мектеп кітапханасы қандай ?
---Мектеп кітапханасы кең, жарық және таза.
--Кітапханада қандай кітаптар бар?
--Кітапханада өте көп кітаптар ,қазақ, орыс және басқа да елдердің шығармалары бар.
--Сен кітапханаға жиі барып тұрасын ба ?
--Иә, мен кітапханаға жиі барып тұрамын.Өйткені мен кітап оқығанды жақсы көремін.
--Сен қандай кітаптарды оқисын?
--Мен көбінесе қазақ халқының жазушыларының шығармаларын оқимын.
1)Бүгін лагерьде концерттік шара болады екен. 2) Келесі жылы оқушылар арнайы бағдарламамен шетелге барады. 3) Биыл жазғы демалысымды достармен өткізуді жоспарлады.