Мен осы күннен бастап күн тәртібін құрған болатынмын.Күнде таңертең ерте тұрамын.Таңғы тамағымды ішемін.Сабаққа дайындаламын.Кейін бос уақытымда кітап оқимын.Арасында аулада ойнаймын.Сабаққа уақыт бөлемін.Демалыс күндері демаламын.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні болашағымын
Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық, олар найза мен қылыштың заманында ғана емес, автоматты қару мен моторлы соғыстың заманында да өзінің қайсар қайтпас халық екенін көрсете білді, өздерінің даңқты ерліктерімен соғыс тарихының беттеріне есімдері алтын әріппен жазылды.
Көптеген қазақстандық жауынгерлер жау тылында қоршауда қалып, Партизандық күреске араласты. Соғыс жылдары 3,5 мың қазақстандық партизан отрядтарында болды. Олардың ішінде бүгінде есімдері барша жұртшылыққа мәлім Қасым Қайсенов, Тоқтағали Жанкелдин, Әди Шәріпов, , Нұрым Сыдықов, Ғалым Омаров, Ғалым Ахмедияров сынды батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова сияқты қыз-келіншектер де ерлік көрсетті.
Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде 96 мың 638 қазақ жауынгері бар. 11 мың 695 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, соның ішінде жүзге жуығы қазақтар, 110 қазақстандық «Даңқ» орденінің үш дәрежесіне де ие болды. Бұрын айтылып, жазылып жүрген, тіпті ғылыми еңбектер мен үкімет адамдарының ресми баяндамаларында 500-дей адам деп көрсетіліп жүрді. Қазір олардың саны 106 батыр деп жазылды. Бұлар соғыстағы ерліктері үшін ештен-кеш жақсы дегендей, әділеттік салтанат құрып, «Алтын Жұлдызын» алған адамдар. Мысалы, батыр ұшқыш Плис Нұрпейісов Ақтөбенің жігіті, Қарақалпақстанға кейін көшіп барған. Ұшқыш Бақтораз Бейсекбаев соғыстың бесінші күні-ақ асқан ерлік жасаған. Оған Батыр атағы уақытында берілмей, 1997 жылы ғана Ресейдің және Қазақстанның қаһарманы атанды. Ал қазақстандық төрт ұшқыш, кейін әуе күштерінің генералдары Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақты екі рет иемденді. Қазақстандықтар арасында бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағын павлодарлық танк әскерінің генерал-майоры Кузьма Семаченко (1941 жылдың 22-маусымында) алса, ең соңғысы атақты панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлына (1991 жылдың 11-желтоқсанында) берілді. Украинаны азат етуде 120-дан аса қазақстандық жауынгерлер Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болды. Днепр үшін болған шайқаста 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры болды.
Ұлы Жеңістің мерейтойына байланысты Кеңес Одағы Батырларының санын миллион адамға шағып, ғылыми талдау жасаған едік. Миллион адамға шаққанда Батырлар саны қазақта 35 адам болды, ал түрікменде – 20, қырғызстанда – 18, өзбекте – 16, тәжіктерде – 14 адам. Бір ғажабы сталиндік өктемдіктен өткен, ендігі жерде «біздің қазақтардың соғыста көрсеткен ерліктері өз дәрежесінде бағалана алды ма» деген сұрақ туады.
Меніңше, жеткілікті бағаланған жоқ. Пікірімізді нақты деректермен дәйектейік.
Бірінші дерек – 1941 жылы Панфиловтың тірі кезінде Бауыржан Момышұлы Ленин орденімен марапаттауға ұсынылған, ал генерал И.Серебряков 1942 жылы жаңа жыл карсаңыңда оған «Кеңес Одағының Батыры» атағын беруді ұсынған болатынды. Өкінішке қарай, бұл екі награда да Баукеңе бұйырмады. Себебі жоғарғы әскери басшылар Баукеңнің өздерінен бұрын әскери романға бас кейіпкер болғанына «риза» болып жүрген. Демек, «қайдағы жоқ қазақ» біздерден бұрын әскери-тарихи романға кіріп кетті деген көпе-көрнеу көреалмастықтан жолы кесілді. Осы себепті Александр Бекке де Сталиндік сыйлықты бергізбей қойды. Баукеңді дивизия командирлігіне тағайындау кезінде оны Жуков: «Мен полковникті соғыстың қаһарманы екен десем, кітаптың қаһарманы екен ғой» деп кекетеді. Баукең сөзден ұтылсын ба, оның бет-жүзіне қарамай, бірауыз сөзбен мықтап тұрып жауап береді. Жуков өзінің ойланбай сөйлегені үшін, Баукеңнен кешірім сұраған екен.
Екінші дерек – Рейхстагқа жеңіс туын бірінші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтар да атақсыз қалып қойды. Бұларды 150-інші дивизия командирі Шатилов құшақтап сүйіп, қуанышын жоғары жақтағы командирге баяндайды. Олар болса, екінші рет Жеңіс туын қайта тіркеуге бұйрық беріп, біреуі – орыс Егоров, бір грузин Кантария дегендерді жіберіп, екінші Жеңіс туын тіктіреді. Бұл – 1-мамыр күні еді. Ал Қошқарбаевтар 30-сәуір күні түстен кейін тіккен болатын. Ұлы Жеңістің 36 жылдығы карсаңында казақстандықтар үшін үлкен қуанышты жаңалық болды. Ұлы Отан соғысының Батыры Рақымжан осы ерлікті айқындайтын құжаттарды еліміздің мемлекеттік мұражайының қорына табыстады.
Үшінші дерек – марапаттау мәртебесі бойынша, дұшпанның 100 солдатын атып өлтірген мерген «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болуға тиіс болатын. Ал біздің қазақ мергендері Қ.Адамбеков – 239, Ы.Сүлейменов – 341,Т.Әбдібеков – 397 дұшпанның көзін жойса да, бұл атақты ала алмады. Жасыратыны жоқ, соғыс кезінде аз ұлттардың өкілдерін ұлты орыс қолбасшылар мен командирлердің тарапынан кемсітуге жол берілді. Бұл – тоталитаризмнің солақай саясатының салдары еді.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды.