Балалар саябаққа барды. Саябақта қар көп. Балалар қардан ақ аю, ақшақар, аққала жасады. Аққалаға бөкебай байлады. Сәбізден мұрын жасады. Сосын бәрі қардан үйшік жасады. Қарды домалатты. Оның ішіне шамды қойды. Қардан жасалған ертегі қаласы әдемі.
Бастау -бастап тұр -бастады -бастайды.
И.Т.Д
1.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын
Тауып көрші сен осыны.
/Аққала./
2.Қыс болса құрып өрмегін,
Салды небір өрнегін.
/ Қырау./
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тонады.
/Қар./
...
Менің мамандығым педагогикамен байланысты болғандықтан, осы қыста мектепте машықтану болдым. Мен №37 орта мектепте оқыдым. Бұл тәжірибе 3 аптаға созылды. Мен 6А сыныбын көрдім. Сыныпта 30 адам болды. Балалар өте мейірбанды және ақылды болды. Студенттер оқуға қызығушылық танытты және сабақтарда белсенді жұмыс жасады.
Мен 6 сыныпта бірнеше ағылшын тілі сабағын өткіздім. Сабақ үшін мектеп мені сынып пен жабдықпен қамтамасыз етті.
Бұл тәжірибе үшін балалармен ортақ тіл табуға, сабақ жүргізуге және білімімді нығайтуға үйрендім. Жалпы алғанда, бұл тәжірибе маған мектепте жұмыс істеудің жалпы идеясын берді.
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.