Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.
Отырықшы құстар
1Қыста қыстап қалатын құстар- торғай, тоқылдақ, қарға, көгершін,сауысқан.
2 Құстар қыста жерге түсіп қалған кепкен жемістерді жейді.Адамдардың мекеніне жақын жүреді.
3 Құстар бау- бақшаны зиянды жәндіктерден қорғайды.
4 Балалар қыста құстарға жемшашар дайындап, жиі-жиі жем шашып тұрады.
1. Су. Наурыз көженің ең негізгі компоненті су болып табылады. Бұл өмір – өзен. Келешек ұрпақ өрбіп, судай тасып, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді.
2. Ет. Қазақтың сүйіп жейтін тағамдарының бірі осы – ет. Қазақ дастарханының сәнін келтіретін бұл ет ас мол болсын деген ырыммен қосылады. Әдетте “ұзынсарыға” сақталатын сүр ет пайдаланылады.
3. Арпа. Ежелгі шығыс емшілері арпаның емдік қасиеттері туралы көп айтады. Білетіндердің айтуынша, арпаны тағам ретінде жиі пайдаланатып адамдардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері арпаны “ғажап құтты дән” деп атайтын көрінеді. Арпаның емдік қасиетінен бөлек, тойымдылығы да бағаланады.
4. Дәнді дақылдар (тары, күріш). Наурыз көжеге, сонымен қатар, дәнді дақылдар да қосылады. Мұның негізінде бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.
5. Ақ. Қазақ ақты ежелден қасиетті деп есептеп, бағалаған. Сол себепті наурыз көжеге сүт немесе айран қосылады. Мұның негізінде сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр.
6. Құрт. Құрт наурыз көженің дәмін келтіріп, сән береді.
7. Тұз. Наурыз көжеге дәм беретін тұз соңғы, жетінші тағам ретінде қосылады.
Туысы бірдің - уысы бір.
Туысы жаман туғанын жамандайды.

Туыс туыс болса туыс, Туыс болмаса панасыз қуыс.
Туыс туыс емес, қоныс туыс.

Жаман туыстан, жақсы таныс артық.

Ағасы ақылдының ауылы азбайды,Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.