Кез келдген адамның жанына жақын өзіндік бір айналысатын ісі болады. Бос уақытында сүйікті жұмысымен айналыспайтын жан жоқ шығар. Сол секілді менің де өзіме ұнайтын хоббиім бар. Ол — сурет салу.Өнердің бұл түріне қызығып барып жүргеніме міне, бірнеше жыл да болып қалды. мен кішкентай кезім сурет салуға әуеспін. Сурет салған кезде мен бар әлемді ұмытып терең ойға батып кетемін.Негізінен кішкентай балалар сурет салғанды ұнатады ғой. Бірақ көбі үлкейе келе сурет салуды тастап кетсе, мен әлі күнге дейін тастаған жоқпын. Отбасымызда суретшілер жоқ. Алайда анамның мамандығы бейнелеу өнерімен байланысты болмаса да, суретті жақсы салады. Өзім ешқашан Пикассо, Леонарды сынды танымал суретшілерді көріп, суретші болуды арман еткен емеспін, менің суретші болуыма әсер еткен бірден бір адам — ол менің анам. Өзім кәсіби суретші болмасам да, сурет салу менің кәсіби хоббиім деп айтар едім. Өйткені суретші болу үшін, менің ойымша, белгілі бір деңгейге жетіп, өсу үшін оқу қажет болғанымен, Алла тағала маңдайыңа сурет салуды жазбаған болса, мың жерден жоғарғы білім алуыңның еш пайдасы болмайды...
Сурет салатын адам ретінде мен үшін сурет салу барысында көңіл-күйімнің жақсы болуы мен қолымда жақсы ұшталған қарындашымның болуы өте маңызды. Табиғатты, не ғимараттарды салғаннан гөрі адамдарды, мульт-бөпелерді, қуыршақ қыздарды, сондай-ақ ойыншық аю, мысық, қоян секілді жан-жануарларды салғанды ерекше ұнатамын.Мен сурет салудан басқа бос уақытымда қызықты кітап оқимын
Табиғат туралы жұмбақтар
Қосты: Kz_ref_MaraТүсініктеме саны: 51
6012345
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Шым - шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)
Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн)
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала. (Түн)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім кедіп иаң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)
Ол өте қарапайым жан, үлкен мекеменің басшысы. Дегенмен, ешқашан қызмет беделін адамдар арасында пайдаланып, өзін олардан жоғары санап, оғаш қылықтар көрсетпейді. Үлкенмен де, кішімен де тез сөз табысады. Көмек қолын көрсетіп, елдің қамын ойлап жүреді. Бір сөзбен айтқанда ол алғыс арқалаған азамат.
Ответ:
ата, қарт ұл
ботам, балам
сәл, уақыт
мысқал, аз, кішкене
бағбан, жеміс ағашын өсіруші
кейімесін, ренжімесін
артында, соңында
дана, ақылды
Объяснение: