«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады. Алғашқы (1981 – 85 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс — Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн — 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді. Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі. Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды. «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Осимдиктер-растения
Кустар-птички
Оседі- растёт
<span> ТАҚЫРЫБЫ ҰЯЛШАҚ БЕК
Дәл осылай болады деген Бектің үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын. Жаңағы екпінісу сепкендей басылып, басы салбырап, екі көзі жер сүзіп, тақтаның алдына кібіртіктеп әрең шықты .
Ұялған тек тұрмас дегендей , әр сөздің басын шатып , өткен сабақты мұғалім айтқаннан құлағында қалғанын там-тұмдап айта бастады . Бірақ онысы құмға сіңген судай ұзаққа бармады . Аяғының басына қарап, желкесін қасып , міңгірлеп , сөзінің аяғын жұтып , қақалып-шашалып әбден есі шықты .</span>
Мен айран ішкенді ұнатамын.
əжем айран береді.
мен ірімшік сатып аламын
Табиғат және біз
Бізді қоршаған орта: жан-ануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:
Табиғатта сезім де, құлақ та бар,
Ренжітсең қайғырып жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!