Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Қайсардың кішкентай ерлігі.
Қайсардың үйінің жоғарғы жағына былтыр бір қарлығаш ұя салған еді.Үй адамдары үйге қарлығаш ұя салса,жақсы болғаны деп құсқа бас көздерін салып жүрген.Әсіресе,үйдің кішісі Қайсар қарлығаштың ұясынан жұмыртқаларды көргенде қатты қуанған болатын.Енді міне жаздың жайдарлы күнінде үйде отырып терезеден шырылдаған балапандардың дауыстарын естіп жүр.Төменге ұшып шөп дәндерін теріп, одан жоғары ұшып балаларына ана қарлығаш азық беруін тоқтатқан емес.Сондай күндердің бірінде балапандардың бірі ұядан құлап түседі.Ал үйдің үлкен сары ала мысығы кішкентай балапанды жемек болып,оңтайлап келе жатқан еді.Бұны көрген Қайсар жерден жіңішке бұтақ алып мысықты куып жіберді.Ал балапанды жуан бөренден жасалынған баспалдақпен ұясына қайтарды.Баланың іс-әрекетін сырттан бақылап тұрған атасы бұл ісінің батырлық екенін және осы беттен таймау керектін айтып бата берген еді.
( Қою қара әріптермен берілген сөздер қарсы мәнді сын есімдер ).
Той аяқталып , қонақтар тарай бастады.
Правильной ответ
А) Қарлыға
Ответ:
Дауысты дыбыстар - гласные.
Дауыссыз дыбыстар - согласные.