Климаттың жаһандық өзгеруі енді ғылыми пікірталас тудырушы өзекті тақырыптардың бірі болып табылмайды. Бүгінгі күні бұл әлем назарын өзіне аударған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, 1980 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8°С көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.
1. Қазақстанның Туы қандай түсті?
2. Тудың ортасында не бейнеленген?
3. Көгілдір түс ненің белгісі?
4. Күн, қыран жəне ұлттық өрнек қандай түсті?
5. Алтын түс нені білдіреді?
Мен кеше дəріханаға бардым.Дəріханаға кірген кезде мен регистратураға бардым ,карточканы алдым.Педиатр дəрігерге жазылдым.Педиатр маған футболканы шеш деді.Ол мены карады,диагноз маған жазды.Ол маған айтты бір апта үйде жатыр,дəрі іш.Содан маган кель мен саган справка жазам.
Менің атам -жылқышы. Әжем екеуі күн жылыса жайлауға көшеді. Жайлауға көшіп келудің өзі бір үлкен мереке. Киіз үй тігуге жайлаудағылардың бәрі кеп көмектеседі. Көршілер мал сойып, аналарымыз самауыр қайнатып,мол дастарқан басында саумал қымызды сапырып, сусындарын қандырып отырып, әңгіме-дүкен құрады. Кең жайлауды еркін жайлағанға жылқылар да кісінесіп қуанғандай. Жазғы демалыста мен де азын-аулақ қой бағып,атама қолқабыс беремін. Әіресе атқа мінгенді ұнатамын.Жақын маңда күркіреп өзен ағып жатыр.Таудан басталып ағатын бұл өзеннің суы мұздай болады. Жайлаудың табиғаты тамаша. Көлде аққулар қалқып жүзіп жүреді. Балалар жиналып асық ойнаймыз,кейде гүл теруге шығамыз. Кешке киіз үйдің ішінде ұйықтағанға не жетсін.