Қызыл кітапта көптеген жануарлардың түрі кездеседі.Оларды аулауға болмайды.Аулаған адамды броканер деп атайды.
Тәтті өтіріктен, ащы шындық артық, сондықтан, қайкезде де шындықты көзге айту керек. Оның дәрігерге айтқан шағымдары: бас айналу, көзі қарауыту, әлсіздік. Оның алдынан бас терісі келіспеген біреу шыға келді. Ата-анаға бар айтқанын істетіп, мойнына міну әдепсіздік. Ол өз қуанышын бауырларымен бөлісуге асығып, аяғы аяғына тимей үйге қарай жүгірді. Ораза айында мұсылмандардың аузы берік болады. Өз ойын жеткізуге асығып аузы қышуда.
1.ержеткені,бойжеткені
2.жетімдіктің белгісі
3.дос,қас
4.өрт
Менің сыныбымдағы оқушылардың бәрін жақсы көрем, шын дос ретінде берілген тапсырмаларды бірге орындаймын. Жалпы менің досым көп.
Соның ішінде менің нағыз адал, жандосым бар. Оның аты Баян. Баян екеуміз айырылмас дстармыз. Екеуміздің жұбымыз жазылмайды. Қиын кезде екеуміз бір-біріміздің жанымыздан табыламыз. Баян екеуміз кішкентай кезімізден бері доспыз. Екеуміз мектепке бірге барамыз, сабақты бірге оқимыз.
Екеуміз көрші тұрамыз. Үй тапсырмасын бірге орындаймыз. Менде жоқ кітаптар Баянда бар, Баянда жоқ кітап менде бар. Екеуміз барымызды бір-бірімізден аямаймыз. Менің досым қуанышта да, қайғыда да жанымнан табылады. Менің осындай адалда, шыншыл досымның барына қуанамын.
Баян екеуміз қосымша би үйірмесіне бірге барамыз. Болашақта таңдаған мамандығымызда бір. Екеумізде дәрігер болғанды ұнатамыз. Баян екеуміз кейкезде сөзге келмей қаламыз, сонда да бір–бірімізді ренжітпей кешіре саламыз. Ешқашан қиын жағдайда жалғыз қалдырмаймыз. Мен өз досымның өзіме адал, қиын жағдайда жанымда жүргені үшін мақтан етемін.
Менің үйім Қостанай қаласындағы Летунова көшесінде орналасқан. Менің үйімнің қасында спорт сарайы бар,жақында қасыннан драма театр салынған. Театрдың жанында фонтанмен безендірілген алаң бар.Ол өте әдемі көрінеді. Менің үйім кірпіштен қаланған.Мен үйде әкеммен, анаммен тұрамын.Менің үйімде кішкентай 3 итім бар, олар менің бөлмеге тастап кеткен аяқ киімімді тасығанды ұнатады