Қоршаған ортаны аялау қорғау бұл адам алдындағы парыздың бірі. Себебі табиғатсыз біз ешқашан өмір сүре алмаймыз.Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарымыздың бəрі табиғаттан алынады. Бірақ өкінішке орай қазір адамдар табиғатты көп қинауда. Олар тоқтамастан бір жерді қазбалап жердің байлығын алады. Бұл жерде ертең не қалады?Түкте,бар болғаны жер құнарсызданып саз топыраққа айналады. Адам секілді жерде аурады, əлсірейді.Сондықтан біз табиғаттың ауырмауы үшін кішкене болсын үлесімізді қосуымыз қажет. Мысалы қарапайым қоқысты арнайы қоқыс жəшіктеріне салу секілді жұмыс жасап, біз табиғаттың бүлбеуінежағдай жасай аламыз.Əрқашан кез келген адам жерде планетасында тұрып жатқандықтан оны аялап, қорғау қажет.
Негізгі етістік. Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады.Мысылы: кел, кет , айтпадым жаз.
Түбір етістік және басқа сөз таптары на жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік. Мысылы : ой -ла ,сан -а, жу -ын,
Есеп - те.
Ответ:
Мен қандай баламын?
Менің есімім – Алтынай. Менің туған жерім - Қарағанды облысы, Жезказған қаласы. Менің жасым - 12 – де. Мен қаламыздағы №8 қазақ гимназиясының ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныбында оқимын. Шет тілдерін оқығанды жақсы көремін. Сабақтан бос уақытымда қосымша үйірмеде қытай тілін оқып жүрмін. Мектепті ойдағыдай аяқтап, білімімді шетелде жалғастырғым келеді. Бұл - менің бала күнгі арманым. Осы арманымды іске асыру үшін сабақты бар ынтаммен оқып, қосымша білім алғанды жақсы көремін.
Сонымен қатар, аптасына екі рет балалар сарайындағы би үйірмесіне қатысамын. Осы өнерімнің арқасында әлемнің түкпір – түкпірін аралап, қазақтың би өнерін насихаттап жүрміз.
Үйдің үлкені болғандықтан, бос уақытымда анама барынша көмектесуге тырысамын, кішкене бауырларымның сабақтарын оқытып, үй жинастырамын.
Мен өзімнің қандай екенімді айтқаным, асыра мақтану болып кетер. Дегенмен, мен өзімді ұқыпты, тіл алғыш, ақылды бала санаймын. Үлкендердің айтқанын екі етпей орындап, үлкен кісілерді сыйлаймын, алдарын ешқашан кесіп өтпеймін. Бұл – ата – анамның берген тәрбиесі. Сонымен қатар, сабақ оқудан қолым бос уақытта анама үй жинасып көмектесіп, кішкентай қарындасымды ойнатқанды жақсы көремін!
2.Айдағаным бес ешкі,ысқырығы жер жарады.
5.Жатқан жыланның құйрығын баспа.
7.Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер.
10.Қызым саған айтам,келінім сен тыңда.
14.Анаңды үш рет Меккеге апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың.
Жылқыны сипаттау
Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Жылқы иесі Қамбар ата.
Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Жылқылар қыста өз үйірлерімен жүреді. Ол үйірді басқаратын айғыры болады. Егер жылқылар шөлдеген де су таппаса, онда қар жейді.
Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген.