Егер мен депутат болсам жағдайы жоқ адамдарға,кедейлерге көмектесуші едім. Халыққа ыңғайлы болу үшін барлығын нығайтушы едім. Табиғатты қорғау үшін неше түрлі жағдайлар жасаушы едім. Бірақ бұның барлығын жасау (орындау) қиын жұмыс деп ойлаймын.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Ел іші алтын бесік деген бар
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.[1]
Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.
11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.
19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақәңгімелерге құрылды.
Ештене,ештенеге,ештенені,ештенеден,ештененде,ештенемен