Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру керек.Ол @mail-мен хат жіберді.
Начальная форма: КУРМЕТ
Часть речи: существительное
Грамматика: прилагательное, единственное число, именительный падеж, имя, мужской род, одушевленное
Формы<span>: курмет, курмета, курмету, курметом, курмете, курметы, курметов, курметам, курметами, курметах, курметович, курметовича, курметовичу, курметовичем, курметовиче, курметовичи, курметовичей, курметовичам, курметовичами, курметовичах, курметовна, курметовны, курметовне, курметовну, курметовной, курметовен, курметовнам, курметовнами, курметовнах</span>
Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы, Әл-Тарази (2.10.1948 ж.
т., Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай а.) — актер, режиссер, Қазақстанның
халық арт. (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңб. сің. арт.), проф.
(1979). Алматы өнер ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы)
актерлік ф-тін бітірген (1973). Актерлік өнер жолын студенттік кезінен
Қазақ драма театрында бастады (1970). 1993 — 2001 ж. осы театрдың
директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Ж. Қазақ драма театры
сахнасында Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың “Дала дастанында”), Арыстан
(Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындасында”), Бақтығұл
(Қ.Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында), Мырзахмет (Т.Ахтановтың “Жоғалған
досында”), Демесін (Д.Исабековтің “Кішкентай ауылында”), Көтібар, Сырым
(М.Әуезовтің “Айман — Шолпан” мен “Қарагөзінде”), Жалмұхан
(ұ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың
“Абылай ханында”, М.Байсеркеновтің “Абылайдың ақырғы күндерінде”),
Әбутәліп (Ш.Айтматовтың “ұасырдан да ұзақ күнінде”), т.б. рөлдерді
сомдады. Бұл рөлдерде Ж. ұлттық және әлемдік театр мектептерінің
дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Ж.
еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист (“Отқа
оранған Орал”), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр (“Жаушы”),
Оразмерген (“Ақырғы аманат”), Болат (“Тарғыл қауын”), Әзімхан (“Қаралы
сұлу”), Қайырхан (“Отырардың күйреуі”), Құнанбай (“Жас Абай”) бейнелерін
өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. “Отырардың күйреуі”
фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл.
лауреаты атанды (1992). Ж. режиссер ретінде К.Гоццидің “Турандот
ханшайым”, М.ұапаровтың “Тұзды шөл”, Қ.Шахимарданның “Томирис”
пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің
деңгейін көтеруге үлес қосты. Ж. — концерттік ұжым “Тамашаны” алғашқы
ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан пед. қызметпен шұғылданып,
Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемл. ун-тінде дәріс
оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік
бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.
Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалықәндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүртұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.
егер көмектессе лучший ответ қылшы п ж