Еліміз бәсекеге қабілетті ел болғай!
Жастар жөніндегі комитет жыл сайын байқау өткізгісі келеді.
Біз отбасымызда көрме жөнінде көп білгіміз келеді.
Астана, елордамыз көркейсе игі еді.
Бүкіләлемдік көрмеге 5 миллиондай адам келгісі келеді.
ЭКСПО көрмесі ойдағыдай өткейсің.
Көрме аяғына дейін біраз өтінім қабылдағысы келеді.
Өнертапқыштар көрмеде өз жобаларын көргісі келеді.
Из этих слагов составит слова наверно....как то так
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.