1)Жеті рет өлшеп бір рет кес.
2)Жігітке жеті өнер де аз.
3)Жеті атасын білмеген жетесіз.
4)Айла алтау,ақыл жетеу.
5)Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Менін сүиікті ауылымнын ауасы таза менін ауылыма жететін жер жоқ
Көрікті Алатау аясындағы мемлекеттік қорықта түрлі хайуаннаттар тіршілік етеді.Солардың бірі теңбіл марал.Маралдың мүйізінен əр түрлі дəрі-дəрмек жасалады.Марал пайдалы жануар.
Астын сызатын сөздер:Марал,жануар.
Менің сүйікті қаламда үлкен кинотеатр залы бар. Онда мен достарыммен қызықты кинолар немесе мультфилімдер көруге барамын. Кинотеатрда үлкен экран жəне залы да үлкен болады. Онда адамдар тыныш отырып қалаған киносын көре алады. Жүріп жатқан киноның немесе мультфилімдердің дыбысы құлаққа жағымды, қатты естіледі. Мен кеше өзіме ұнайтын "Жау жүрек мың бала" атты киносын көріп келдім. Бұл кинода қазақ жігіттерінің батылдығы мен қайсарлығы туралы суреттелген. Маған кинотеатрға барған қатты ұнайды.
Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелеп отырмыз. Өткен 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен түсіндірген еді. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленсе, жалпы мұның әлемде бар үрдіс болып табылатынын айрықша атап көрсеткен орынды. Дәл осы уақытта 2012 жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтілуде. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Іргелі идеялар нақты жобаларға айналып, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы, бәсекеге қабілетті Қазақстан, интеллектуалдық ұлт, «Мәдени мұра», индустриялық-инновациялық даму ел болашағын айқындады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстанның төрағалығымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі дәйектелді. Халықаралық саяси аренаға осындай көрсеткіштермен шыққан дамушы елдер қысқа уақытта мұндай саяси табыстарға жеткен емес. Тарихтан сабақ ала отырып, тереңіне үңілген болжаудың, дағдарысқа душар болған қоғамды алға жетелеудің, өркендеуге апаратын жолдар мен іс-әрекет жүйесін табудың күрделілігі мен өзектілігін көрсеткен Елбасының салиқалы саясаты Қазақстанды гүлденудің жолына салып берді.
<span>
</span>