Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.
Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:
Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар.
Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды.Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.Өз бойын таза ұстайтын,өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар.
Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.
Қазақтар жылқын ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқышы ұстайтан құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпейді. Бақан аттаған жарымайды деген сенім бар. Сүрінген атты да ұрмайды. Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін деп,көзін оң қолымен сүртіп тазалайды. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады. Көшпенді халықтың маңызы зор болғандықтан, жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдар өте көп.
Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген. Дүние жүзінде қазірдің өзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар екен.
Қазақтың ұлттық өнері
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. Қазба жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені анықталды. Мұның өзі ою-өрнек өнерінің тамыры тереңде жатқанын дәлелдейді. Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған, тегене, саптыаяқ, ожау, т.б. ыдыстар дайындаған. Мұндай әшекейлер киіз үйдің сүйегіне де түсірілген.
Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып, күнделікті тұрмыста кең қолданылып жүр.
1. Олардың азайып, жылдар өткен сайын тіпті жойылып кету қаупі бар.
2. Отанымыздың табиғатын қорғауымыз керек.
3. Ол үшін аң құстарды атпай, ағаш, гүлдерді сындырып, жұлмай, аяқпен таптамай аялауымыз керек.
4. Қорықтардың мақсаты ормандарды, өсімдіктерді, жан-жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтау.
5. Біздің үлесіміз қоршаған ортаны ластап, бүлдірмеу.
әңгіме он төрт жасар ұл туралы
Қиястың әкесі майданда
Ол тарылықтың 6 гектар жеріне жауап береді
Ол тарылықты суаруды әкесінен үйренді
Ол су аққан жерді бітей алды
Қыс. Далаға қар жауып, айналаны аппақ жамылғыдай болып тұр. Балалардың бәрі далада асыр салып ойнап жүр, Кейбір балалар коньки теуіп жүр. Барлыгы да асыр салып ойнап жүр. Сол конькиге екі ағайынды коньки тебуге барады. Екеуі ойнап жүрген кезде алдында бір кішкентай қыз құлап жатыр екен. Сол екі ағайынды сол қызға көмектеседі. Сөйтіп олар ойнап жүріп бір адамға жақсылық жасады.
Тақырыбы: Жақсылық.