1 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2 100 теңгең,болғанша 100 досың болсын.
3 Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
4 Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл.
Ержан біздің сыныпқа басқа мектептен келді. Ол бізбен тез үйренісіп кетті. Сабаққа өте алғыр екен. Өзі өті кішіпейіл, барлығымыз оны сыйлаймыз. Оқытушыларымыз да оған риза, ақылды оқушы,- деп мақтайды.
Жанар- татитын қыз. Ол- біріншіден , кластағы ең ақылды қыз. Екіншіден,сұлу . Әсіресе қызыл береткасын киіп жүргенде ,сондай құлпырып ,жайнап кетеді.Даусы қандай шіркіннің!Ән салғанда тыңдасаң! Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып "Қамажайға" билеген ін көрсең! Барып тұрған өнерлі қыз. Кластағы бірінші үздік оқушы .
Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастыктың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ емеспе ?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның