Махамбет өзінен бұрын ғұмыр кешкен Асан Қайғы , Доспамбет жырау , Шалкиіз ақын т.б. шығармаларын арқау ете отырып ауызша шығармашылыққа ден қойды. Даланың батыр – сайыпкерлері бір мезгілде әрі өлең құрастырушы, әрі поэтикалық жыршы да бола білген. Халық осы сарбаздарды, ақындарды, композиторларды, ойшылдарды жақсы көрді. Осы дәстүрді жалғастыра отырып Махамбет толығымен дала серісінің үлгісіне сәйкес келді. Ол тек сарбаз – ақын ғана емес, өз шығармаларын орындаушы да болды. Өзінің алдындағы поэтикалық дәстүр сабақтастығымен бірге, Махамбет музикасының ғұмыр кешкен дәуірге әрі өзінің жеке басына байланысты қайталанбас та жеке – дара ерекшеліктері бар. Дәстүрлік пен сыр – сипаттың қос бірлігі дала жыршысы шығармашылығының өзегіне айналды. Махамбеттің барлық жырлары даралығына қарамастан, ортақ рухпен, көркем мазмұнмен өрнектелген. Махамбеттің жырларында эпос, драма мен лирика бір – бірін алмастырып қана қоймай, өзара жымдасып жатады.Ақын шығармаларының тақырыбы әр жырының тұтастығын, гармониялық бірлігін сипаттайды. Таным мен сипаттың осы мән – мағынасы Махамбетке жалпы түрде адамдардың әлеуметтік мінез – құлқының сыртқы күштерге, ішкі жан дүниеге қатысты, сондай – ақ ойы мен көңіл күйінде айналшықтап отырады. Махамбет жырларындағы кейіпкерлер кездейсоқ емес, ол сол дәуірдің шынайы қажеттілігінен, әр түрлі әлеуметтік мүдделердің қарсы тұруынан туындаған. Махамбет өзінің болмыс – бітімін ең алдымен ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған ер – сарбаз ретінде тиянақтаған. Махамбеттің жыр-жебелерінің тақырыбымен айқындалған әлеуметтік сипатта, әрине, жан-жақты һәм күрделі де, шым-шытырық қоғамдық байланыстар мен қатынастарға бойлау басым. Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды.Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Ол жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді. Махамбет - көшпелiлер өркениетiнiң осынау жарық дүниемен шырқырап қоштасқан соңғы үнi. Жалына қол тигiзбейтiн көшпелiлердiң қыл сағағын тарих тұзағы қылғындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серiпкендей. Қазақты ұлт ретiнде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелiлер мәдениетiнiң буырқанып келiп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет сияқты.
В интернете найдётся все,но при этом в интернете нужно находиться осторожно. Найдётся многих вирусов,есть люди которое верят мошенникам,даже не подозревая что это мошенники. Подростки-они в данный момент не могут прожить без интернета,долгое смотрение в экран компьютера или телефона портят нам глаза,в экран можно смотреть не менее 5-6 часов,не больше. Интернет может влиять на психику подростков и младенцев,если ребёнку дашь в 5 лет телефон/компьютер думая о том что он зайдёт в другой коллектив нынешнее поколение? Но это не правильно,некоторые родители делают не правильно! Это повлияет на психику ребёнка.
Тарихи маңызы зор естеліктер музейде тұр. Анашым, мен қазір қойылымда отырмын. Олар Есілдің жағасында жүр. Бүгін опера театрына барамыз. Сен хат жазып отырсың ба? Ән сабағында бәрі қосылып өлең айтып жатыр. Ағам досымен әлі сөйлесіп жүр.
1.Ай астында ақ мамық Жатыр суды жастанып (Аққу) 2. Асты тас, Үсті тас, Ортасында жанды бас. (Тасбақа) 3. Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі) 4. Орманда сайрайды, Сайраудан талмайды. (Бұлбұл)
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.
Мысалы: Жерлесіміз Қуандық Рахымның туған қаласында өткен концертінде ине шаншар жер болған жоқ (зал толық болды, бос орын болған жоқ деген мағынада).
Әдетте, қолөнер үйірмесіне қатысатын қыз балалардың барлығы иненің көзінен өткендей болады (пысық деген мағынада).
Бүгін таңертең есік алдында көрші апайлар бір – бірінің ит терілерін басына қаптап жатқаннан оянып кеттім (ұрысу деген мағынада).
Хамит оқу бітірердің алдында емтихандарын уақтылы тапсыра алмай, әбден ит болды (қор болды, қиналды деген мағынада).
Дүкен аралап жүріп, жанымда жүрген құрбымнан көз жазып қалдым (адасып қалдым, жоғалтып алдым деген мағынада).
Көзді ашып – жұмғанша кезекті оқу жылы да аяқталып қалыпты (тез деген мағынада).