Қазақтың қызы – қастерлі, аяулы жаратылыс. Шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар образы болатын. Әйгілі Мұхтар Әуезовтер «Адамдық негізі – әйел» деп мақала жазғанда осындай ардақты жандар үшін шырылдады. Жүсіпбек жазатын қорғансыз Ақбілек, Бейімбат жазатын шарасыз Күлпан, Ғабит Мүсіреповтің ел анасы Ұлпаны, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қайшылықты Ақбаласы, Ақанды ынтық еткен Ақтоты мен Біржанға арман болған Ләйлім шырақ, кешегі Жұматай жырлап өткен қол жетпес Ләйлә – бәрі де қазақ қызының, қазақ анасының сан қилы қасиеттерінің бір-бір жарқын көрінісі еді. Заман құбылды, қоғам ауысты, қазақ қызының болмысы мен бітімі де өзгеріске ұшырай бастады. Бұрынғы биязы да кербез, көрікті де мінезді сұлулардың орнына бетпақтықты батырлық деп түсінетін, сөз тиді екен деп ауызға келгенді ақтара салатын келте ақылды бикештер келді.
менің досымның шақырт- Георгий , біз бірінші сыныптан онымен оқимыз .Ша мінезге ол өте ізгі, қайырымды, қарамастан және сат-, оған ылғи салу болады.Біз онымен жиі хокей деген ойнаймыз, бас Ұлы тебеміз, түрлі ойындарға деген ойнаймыз ! жалпы біз онымен сағынбаймыз.Міне мынадай менің досымның Всё что смог!!))))
<span>Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.</span>
Скопируйте нужную вам часть:
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
<span>Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. </span>
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
<span>Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. </span>
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
<span>Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.</span>
Не видно можешь нормально сфоткать