Менің атам! Мен ес білгелі атамды ойымнан бір елі шығарған емеспін. Әлі күнге шейін айтып отырады 4 жасымда "Ата мен сенің балаң болам, сенің қасыңа жатамын деп" келгенімді. Менің туып өскен ауылым Арыс ауданы, "Көкжиде" деген ауыл. Біздің ауылдың кәсібі басқа көпшілік ауыл сияқты негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. Соның ішінде мал шаруашылығы мен бақша дақылдарын өндіру. Мал шаруашылығы жыл бойына жүретін болса, бақша дақылдарын өсіру науқанында жүргізіледі. Біздің отбасымыз да өзгелер сияқты мал ұстаймыз, мемлекеттің берген жекеменшік жерімізге қауын, қарбыз, жүгері, қызанақ сияқты дақылдарды өсіріп, өндіреміз. Мен мектеп оқып жүрген кезімде есімде үйде торы атымыз болатын. Жазғы демалыста Атам торы атқа арба жегіп, мені отырғызып егістік басына алып кететін. Күнімен кетпен шауып, бір тынбайды. Кеш түскен соң ауылға жиналамыз. Үйдегі сиырларға деп, қамыс орып, оны жақсылап арбаға артып, сусып түсіп қалмас үшін арқанмен тартып байлап, үстіне көрпеше төсеп, мені жатқызып қоятын. Сосын қайт ауылға, ат арбаның үстінде, табиға аясында. Кейде ұйықтап қалатынмын жол үстінде. Кейде, ұйықтап кетіп, арбаның үстінен ауып кете жаздайтын кездер болады. Сол үшін Атам үнемі маған "Арыштан, а, Арыштан" деп артына қарайлап отыратын. (мені атам еркелетіп, "Дәңгіл", "Арыштан" деп атайтын). Үйге атамның замандас, құрдастары келіп тұратын. Ауылдағы шалдардың әдеті, кішкентай бала көрсе "әй, жаман неме, кімнің баласысың" деп сұрайды. Менде жұлып алғандай айқайлап, "Атамның баласымын!" деп тұра қалам. Атам үлкендер келгенде "Ассалаумағалейкум!" деп сәлем бер деп үйретіп қойған. Қонақ келе қалса "Ассалаумағалейкум!" деп шыға келетін едім. Ондай кезде үлкен шалдар мәз болып қалады. "Өркенің өссін балам," "Дәу жігіт бол", "Азамат бол" деп қауқылдасып қалады. Ауылда кейде свет өшіп қалады. Кешке үйде бәріміз жиналып кешкі асты шамның жарығымен ішеміз. Ондай кезде атам бізге ертегі, өзінің басынан өткен қызықты оқиғалар туралы айтып береді. Атам мені кішкентайымнан үлкен балдарша қарап, ерте есеюіме көп септігін тигізді және солай тәрбиеледі. Өзі көп қыдыра бермейтін адам. егер бір жаққа баратын болса, мені ертіп алатын. Атам кітапті көп оқыған, үйдегі кішігірім кітапхана соның айғағы. "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті" сияқты газеттерге жазылып, әр санын үзбей оқып отыратын. Сондықтанда шығар, кейбір консерватор шалдар сияқты емес, жаңа заманның жаңалықтарынан хабардар бола отырып, бізге "Оқыңдар, айналайын" деп үнемі айтудан жалыққан емес. Мен кітап оқуды 6-шы сынып оқып жүрген кезімде бастадым. Ең алғаш оқыған кітап авторы есімде жоқ, "Ағаш ат" деген. Одан кейін үйдегі жинақталған кітаптарды оқып бастадым. Кейде бір кітапты ұзақ оқып жүргенімді байқаған атам "тұрақсыз адам екенсің, тыңғылықты оқысай" дейтін. (Ол кезде жақсы екенмін, бастысы кітап оқушы едім, қазірше алтын уақыттың бәріп бекерге сарп етіп). <span>Осылай, ақырындап ержеттік. Білім қуып, қалаға оқуға кеттік, енді осы жақта тұрақтап жатқан жайымыз бар. Атамды қатты сағынамын. Аз демалысымды пайдаланып ауылыма барып тұрамын. "Балапан қанат қағып, ұядан ұшты деген осы" деп Атам барған сайын айтып отырады. Қазір атамның жасы 85 ке келді. Мен 25 ке жетіп қалсам да ол кісінің алдында өзімді әлі, кішкентай бала сезінемін. Еркелеп, мойнына асылып, ойнағым келеді. Бірақ қазір бұрынғыдай денсаулық қайда, ол қазір менің көмегіме мұқтаж. Өмірдің түрлі ауыртпашылықтарын көрген Атам, өзінің намысқойлығы мен еңбекқорлығы арқасында мойымай осы күнге жетіп отыр. Келесі жазбамда тағы толықтырып өтемін! </span>
Сөйлем 2буын 2дауысты 4 дауыссыз 6əріп 6дыбыс с дауыссыз қатаң дыбыс ө жіңішке дауысты дыбыс й үнді дауыссыз дыбыс л үнді дауыссыз дыбыс е жіңішке дауысты двбыс м үнді дауыссыз дыбыс
Менің есімім – Алтынай. Менің туған жерім - Қарағанды облысы, Жезказған қаласы. Менің жасым - 12 – де. Мен қаламыздағы №8 қазақ гимназиясының ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныбында оқимын. Шет тілдерін оқығанды жақсы көремін. Сабақтан бос уақытымда қосымша үйірмеде қытай тілін оқып жүрмін. Мектепті ойдағыдай аяқтап, білімімді шетелде жалғастырғым келеді. Бұл - менің бала күнгі арманым. Осы арманымды іске асыру үшін сабақты бар ынтаммен оқып, қосымша білім алғанды жақсы көремін.
Сонымен қатар, аптасына екі рет балалар сарайындағы би үйірмесіне қатысамын. Осы өнерімнің арқасында әлемнің түкпір – түкпірін аралап, қазақтың би өнерін насихаттап жүрміз.
Үйдің үлкені болғандықтан, бос уақытымда анама барынша көмектесуге тырысамын, кішкене бауырларымның сабақтарын оқытып, үй жинастырамын.
Мен өзімнің қандай екенімді айтқаным, асыра мақтану болып кетер. Дегенмен, мен өзімді ұқыпты, тіл алғыш, ақылды бала санаймын. Үлкендердің айтқанын екі етпей орындап, үлкен кісілерді сыйлаймын, алдарын ешқашан кесіп өтпеймін. Бұл – ата – анамның берген тәрбиесі. Сонымен қатар, сабақ оқудан қолым бос уақытта анама үй жинасып көмектесіп, кішкентай қарындасымды ойнатқанды жақсы көремін!
Как их роздали, кому они достались, когда вернулся батыр из похода, не знаю. Зато известно, что потомки пяти мальчиков, приведенных вместо пяти сынов ей-шахидов, пустили корни, каждый зажил своим аулом, и долго жили они в богатстве и благоденствии А их потомки, подошло время, вступили в колхоз. Опираясь на рукоять камчи, Ахмет поднялся с места. В каком колхозе, Ахмет-ага?.. Потомки тех пятерых, занявших место погибших, сидят и сейчас между нами.