Спорттың адам өмірінде алатын орны өте зор . Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.Спорт мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Қазіргі кезде спортқа арналған көптеген үйрмелер құрылған.Бұл үйірмелерде адамдар футбол,волейбол,баскетбол сияқты ойындар ойнап,денесін шынықтырады.
Спорт играет большую роль в жизни человека. Человек, который занимается спортом, здоров и терпелив. Какой вид спорта выбрать будет зависеть от способностей человека. Спорт делится на несколько видов, таких как легкий, тяжелый, длинный, короткий, в зависимости от значения. В настоящее время проводится множество спортивных тренировок, в которых люди играют в такие игры, как футбол, волейбол и баскетбол, и укрепляют свое тело.
Имя существительный
бастауыш воросы кім? не?
Жиналыс сағат үшке таман басталды.
Атам қаладан мен үшін келді.
Астана мен Алматы сүлу , әдемі қалалар.
Алмас, Әсел және Асан бірінші сыныпта оқиды.
Самат, бүгін күн жылы ма ?
Гүлдердің ішінде , әсіресе ,маған раушан гүлі ұнайды.
Фонетика ережесі — дыбыстарды зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Ал жалпы дыбыс — сөздің ең кіші бөлігі болып саналады. Әдетте біз дыбысты естиміз немесе айтамыз. Фонетика ережесінде дыбыс екіге бөлінеді: Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар болып. Дауысты дыбыстар «тілдің қатысына қарай»: жуан және жіңішке болып, «жақтың қатысына қарай»: ашық және қысаң болып, «еріннің қатысына қарай»: еріндік және езулік болып бөлінеді. Фонетика ережесінде дауыссыз дыбыстар болса: «үн мен салдардың қатысына қарай»: қатаң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді.
Фонетиканың тағы бір зерттеу саласын — буын дейміз. Буын дегеніміз не? Буын деп сөз айтылғандағы дауыс толқынын айтамыз. Буын түрлері: 1. Ашық буын, 2. Тұйық буын, 3. Бітеу буын. Онымен қоса фонетика ережесі «үндестік заңын» үйретеді. «Үндестік заңы» дегеніміз не? Ережесі: Буынның немесе дыбыстың ішіндегі дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың бір ретпен айтылуын айтамыз. Үндестік заңы: буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді. Буын үндестігі — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесуін айтамыз, ал дыбыс үндестігі — сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың үндесуін айтамыз. Дыбыс үндестігінің 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал